Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мейрам — жаңа бастамалар мен үміттердің, ізгі тілектер мен жақсылықтардың мейрамы. Наурыз — ұлттық бірлікті, татулықты, ағайындық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетін ерекше күн. Әрбір шаңыраққа бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Наурыз мейрамы өзіміздің ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді жаңғырту, болашаққа деген сенімді нығайту үшін зор мүмкіндіктер сыйлайды. Бүгінгі күннің қуанышы сіздерге күш-жігер, шығармашылық табыстар әкелсін.
Наурыз мейрамы мерекесі әрқайсымызға тек қана қуаныш пен бақыт әкелсін. Әрдайым жарқын болашаққа бағыт алып, үлкен жетістіктерге жету жолында бірге болайық!
Наурыз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты!
Post #1796
1.19K

- ❤ 3
- 👍 1