⚜️ ZMS INNOVATIONS CENTER: студенттерге арналған нақты жобалары мен Атырау қаласында өтетін тағылымдамасы бар конкурс
📍ZMS Innovations Center – 4-курс студенттеріне өз дағдыларын көрсетуге, тамаша идеяларды жүзеге асыруға және табысты мансапқа алғашқы қадам жасауға бірегей мүмкіндік береді.
📌 Конкурс кезеңдері:
1️⃣ Командаларды тіркеу – 2025 жылғы 01 ақпанға дейін. Әр командада 3 адамнан аспау керек.
2️⃣ Тапсырманы қашықтықтан орындау: Қатысушылар алты техникалық тапсырманың бірін таңдап, оның шешімін дайындап, сарапшылар тобының алдында қорғап шығады.
– Мерзімі: 2025 жылғы 01 наурызға дейін.
– Нәтижесінде: үздік команданы таңдау (әрбір тапсырмаға бір команда).
3️⃣ Практикалық бөлім:
Үздік командалар «Жігермұнайсервис» мекемесінде (Атырау қ.) 2 айлық тағылымдамадан өтеді, әрі онда нақты жағдайдағы тапсырмалармен жұмыс істейді.
– Шарты: Тағылымдама ақылы, жатар орын, күнделікті тамақ тегін беріледі және жол ақысы төленеді.
– Нәтижесі: Жобаларды соңғы қорытынды ретте қорғап шығу.
🏆Жүлде қоры:
1-орын – 900 000 теңге, 2-орын – 600 000 теңге, 3-орын – 300 000 теңге.
✅ Нақты өндірістік ортада өз дағдыларыңызды шыңдап, «Жігермұнайсервис» компаниясының қызметкері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
🔗 Толық ақпарат пен тіркелу үшін сілтеме: https://innovations.zms.kz/
Post #1768
1.09K
Forwarded from Satbayev University