💰«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей алады
Сәтбаев университеті – Мемлекет басшысының «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын қолдап, осы бағдарламаға қатысушыларға елеулі жеңілдіктер беріп отырған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.
2024 жылы 20 қаңтар күні Сәтбаев университеті мен мемлекеттік білім беруге жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында жасалған меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы меморандум аясында университет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушыларға оқу ақысына 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдіктер ұсынады.
Post #1764
1.18K
Forwarded from 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
