TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1749 1.35K
​​🎓АВТОМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ СТУДЕНТІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында ел жастары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы идея аясында елімізде «Қазақстанның үздік студенті» атты республикалық байқау өтіп, ол өз қатарластарына үлгі болатын дарынды және белсенді жастарды анықтауға бағытталды.

🏆 Management of information systems 1-курс магистранты Хабибуллин Ар-Рауф Берікбайұлы байқаудың жеңімпазы атанып, оқуда да, қоғамдық қызметте те жеткен тамаша жетістіктерін көрсете білді.

🎓 Ар-Рауф осымен төртінші жыл қатарынан «Satbayev Hunterz» студенттік ұйымының президенті қызметін атқарады, сөйтіп Сәтбаев университетінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру және оларға арналған іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Осы уақыт ішінде ол өз ұжымымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, 20 мыңнан астам мектеп оқушыларымен кездесті және оларға мамандық таңдауға көмектесті. Сондай-ақ ол Қазақстан ғылымының негізін қалаушы көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми-ағарту қызметі туралы айтып, оның ғылыми жетістіктерін насихаттайды.

🎉 Біз Ар-Рауфты осы жеңісімен құттықтап, алдағы қызметіне зор табыс пен биік жетістіктер тілейміз!
  • ❤ 8
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →