TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1713 1.88K
​​⚜️СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ BLOCKCHAIN & AI TECHNOLOGY CENTER (BAITC) КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

📍Сәтбаев Университетінде Blockchain & AI Technology Center (BAITC) командасымен кездесу өтті, онда IT саласындағы мансапты дамытудың негізгі үрдістері мен жасанды интеллекттің қарқынды даму дәуіріндегі мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шара барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптардың өзгеруі туралы айтылды: енді дәстүрлі бағдарламалау дағдыларынан бөлек, AI жүйелерімен тиімді жұмыс істеу үшін нақты әрі инновациялық промпттарды құрастыру қабілеті ерекше маңызға ие.

🤖Жасанды интеллект көптеген күнделікті тапсырмаларды өз мойнына алатын заманда, болашақ мамандар кеңінен ойлауға дағдылануы қажет. Алдағы жылдары әзірлеушілердің құндылығы олардың креативтілік және стратегиялық ойлау қабілетімен, сондай-ақ AI көмегімен инновациялық шешімдер табу қабілетімен анықталады. Бұл – кәсібиліктің жаңа деңгейі, мұнда техникалық дағдылардан бөлек, дұрыс сұрақтар қойып, күрделі интеллектуалды жүйелерді басқару қабілеті басты рөл атқарады.

📌Кездесу барысында Generative Nation бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл бағдарлама жасанды интеллект саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған. Бағдарлама мамандарға тек Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын ғана емес, халықаралық қоғамдастықты да өзгертуге қабілетті жобаларда жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

🏆Студенттерге осы білімді сәтті мансап құру үшін қалай пайдалануға болатыны туралы ақпарат ұсынылды. Decentrathon 2.0 сияқты бастамаларға қатысу — Қазақстандағы ең ірі хакатон, жүлде қоры $50,000 — олардың IT, AI және алдыңғы қатарлы технологиялар саласындағы кәсіби дамуына ықпал етеді.

🔗Хакатонға тіркелу сілтемесі @webaitc Instagram парақшасында.
YouTube СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ BLOCKCHAIN & AI TECHNOLOGY CENTER BAITC КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСУ
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →