⚜️ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ FUTURE17 БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
✅Future17 бағдарламасы – бұл жоғары білім мен бизнесті біріктіретін жаһандық білім беру бастамасы. Бұл пәнаралық бағыт болып табылады және студенттерді, менторлар мен іскер серіктестерді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 17 Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) байланысты әртүрлі мәселелерді шешу үшін біріктіреді.
📌Future17 бағдарламасының мақсаты – қатысушылардың бойында ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелерін бірлесіп шешу дағдыларын дамыту, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 Тұрақты даму мақсаттарының біріне немесе бірнешеуіне қатысты нақты мәселелерге инновациялық шешімдер жолдарын құруға жұмыс істеу.
🤝Future17 бағдарламасы студенттерге жаһандық университеттер консорциумындағы серіктес университеттердің студенттерімен халықаралық, пәнаралық және мультимәдени командаларда ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Бұл топтар бизнес ұйымдар (кәсіпорындар, қайырымдылық ұйымдар, ҮЕҰ және т.б.) әзірлеген жобалар аясындағы тапсырмаларды шешумен айналысады.
‼️Бағдарламаға студенттер 2-курстан бастап (бакалавриат, магистратура және докторантура) қатыса алады, ағылшын тілі деңгейі кем дегенде Upper Intermediate болуы қажет. Future17 бағдарламасы толығымен онлайн модуль болып табылады.
🔗 Бірінші семестрде бағдарламаға қатысқысы келетін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы өтінімдерді 2024 жылғы 20 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс (сілтемелер профильдің жоғарғы бөлігінде көрсетілген).
‼️Орын саны шектеулі және олар конкурс негізінде бөлінеді.
✅Тұрақты даму мақсаттары саласындағы жаңа дағдыларды игеруде сіздерге сәттілік пен табыс тілейміз!
Біз НК ғимаратында, 3-қабат, 312-аудиторияда орналасқанбыз.
Post #1700
1.64K