ОЛИМПИАДА-2024: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ӘКЕЛДІ
Қазақстан құрама командасының Олимпиададағы алғашқы медалі. Жобаларды басқару институтының 3-курс студенті Александра Ле мен Ислам Сәтбаев командалық атыста алғашқы қола медальды жеңіп алды.
Бұл Сәтбаев Университетінің 90 жылдық мерейтойына деген тамаша сыйлық.
Бүгін 27 шілде күні Александра Ле пневматикалық винтовкадан 10 метрге оқ ату жарысына қатысты.
Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александра Ле қашықтыққа оқ ату бойынша Қазақстан құрама командасымен бірге жарысқа қатысты.
Біз Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты қола медальдарымен құттықтап, әрі қарай да сәттілік тілейміз!
Post #1669
1.74K
- ❤ 12
- 🔥 1