TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1575 722

Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

⚜SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕ ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

11 сәуір күні Ғылым күнін қызметкерлерінің күнін және қазақтың ұлы геолог-ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын атап өту үшін, белгілі ғалымдар мен студенттер, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері Сәтбаев Университетіне жиналды. Олар ұлы ғалымға құрметпен тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сәтбаев Университетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шара Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасына және оның Қазақстан ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесіне деген құрметтің айқын көрінісі болды. Көктемнің осы шуақты күнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, Ұлттық инженерлік академияның президенті Бақытжан Жұмағұлов, «QazaqGaz» компаниясы Басқармасының төрағасы Санжар Жаркешов, ERG және «Қазақмыс- Барлау» компанияларының өкілдері және ғылыммен өндіріс орындарының басқа да жетекшілері Алматыда бас қосты.
  • 👍 3
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →