Сәтбаев Университетінде Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтында Білім беруді цифрлық трансформациялау орталығының «Күміс университеті» аясында өткен «Объективті – менің әлемім!» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға 55 пен 90 жас аралығындағы 61 қатысушының 190-нан астам фотосуреттері ұсынылды.
Басқарма төрағасы – Сәтбаев Университетінің ректоры Бегентаев Мейрам Мухаметрахимович және Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Ускенбаева Раиса Кабиевна құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.
Сондай-ақ «Kumis Khasyr» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Хасенов Канат Оралович та қатысушыларды құттықтап, түрлі номинациялар бойынша марапаттарды табыс етті.
Post #1525
1.3K
- ❤ 2
- 👍 2