TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1508 880

Forwarded from FarmGid KZ

💥 СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ІТ СТУДЕНТІ ҚҰСБЕГІЛІК ӨНЕРДІ ДЕ ҮЙРЕНІП АЛДЫ

🎓 Аяжан Даниярқызы Сәтбаев Университетінің компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша 3-курс студенті. Аяжан сабақтан бос уақыты кезінде құсбегілік өнермен айналысып жүргеніне 2 жылдай уақыт болды. Бұған дейін ол – «Сұлтансері» этнографиялық орталығы әлеуметтік желілерге жариялаған садақшы қыздар кастингіне қатысқан еді, сол жерде тәлімгері Сұлтансері Бекетұлының құстармен айналысып жүргенін көріп, құстарға деген қызығушылығы одан сайын артады. Басында жай ғана ермек қылып жүрген ол кейіннен осы бүркітшілік жолды таңдайды.

☄️ Аяжан елімізде ұлттық спорттың осы түрін дамытуға өз үлесін қосуды көздеп отыр. Ол өзінің хоббиі туралы бірнеше сағат бойы айта алады. Әсіресе бүркіттің адамға деген бауырмалдылығының, сенімділігінің күштілігі оны таңқалдырады. Жаттығу кезінде алғашқы бүркіттердің бірі Аяжанға қатты бауыр басып қалғаны соншалық, ол тек соның ғана бұйрығын тыңдап, кейде тіпті өз иесіне де бағынбайтын болды.

✨ Бүркіт – оқу қабілетімен ерекшеленетін жыртқыш құс, оның маңызды шарты – аңшы мен құс арасындағы бір-біріне деген сенімділік. Тағы бір жайт – бүркіттің жасын құйрығының жүніне қарап анықтауға болады. Күн сайын бүркіттерге жарты килограмм таза шикі ет беріледі. Жыл бойғы оның азығы жыл мезгіліне қарай өзгеруі мүмкін: қоян, тауық, тіпті жылқы еті де болады.

💫 Бүгінгі күнге дейін Аяжан екі құсты баптап үлгерді. Айта кетерлігі – Аяжан Даниярқызының сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған. Соның арқасында жыл бойы көптеген бүркітшілер сайысында ол өзін жақсы жағынан көрсетіп, финалға дейін жеткен. Аяжан бүгінде республикалық турнирде жеңімпаздар қатарынан көріну үшін дайындық үстінде.
  • ❤ 4
  • 👍 3
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →