🇰🇿 СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ
🔼 Сәтбаев Университетіне National Geographic Qazaqstan-ның бас директоры Еркін Жақыпов келді. Жаңа ынтымақтастық қарым-қатынас университетке жаңа перспективалар ашып, тамаша мүмкіндіктер беріп отыр. Қазірдің өзінде негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс туралы алдын ала келісімдер жасалды:
🌍 Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін National Geographic Qazaqstan журналында жариялау.
🚀 National Geographic Qazaqstan-мен экспедицияға шығу мүмкіндігі, сөйтіп жаңа асуларды бірге бағындыру.
🌟 Satbayev University базасында National Geographic клубын ашу – бұл шабыт пен білімнің түйіскен жері болмақ.
📚 Студенттеріміз терең білім алуы үшін, шетелдік техникалық әдебиеттерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару бойынша бірлесіп жұмыс жасау.
🎓 Біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымызға белсенді түрде қатысу үшін National Geographic эксперттерін шақыру, сөйтіп жұмыстарымызды одан сайын қызығырақ ету.
Бұл біздің серіктестік қарым-қатынасымыздың бастамасы ғана, соның өзі университеттің ғалымдары мен студенттері үшін тамаша перспективалар ашып отыр.
Post #1497
1.13K




