TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1471 1.42K
​​🆕 СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ «ЖАС СӘТБАЕВ ІІІ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУҒА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ШАҚЫРАДЫ

Ойынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 11 және 12 сынып оқушылары қатыса алады. Ең басты жүлде – тегін білім алуға арналған грант.

📌 Маңызды күндер:
20.12.2023 – 26.02.2024 жж. – ойынның 1-ші және 2-кезеңі (онлайн) өтеді;
27.02.2024 – 29.02.2024 жж. – ойын нәтижелерін шығару, жеңімпаздарды жариялау;
26.03.2024 ж. – ойынның 3-кезеңі (Сәтбаев Университетінде оффлайн) өтеді (финалға 10 адам қатысады).
Ойынның бағыты: техникалық пәндер (математика, физика, химия).

Ойын өтетін тілдер: қазақ, орыс.
Ең басты жүлде – Satbayev University бакалавриатында шәкіртақысыз, тегін оқу үшін берілетін университет гранты. Егер де талапкер Сәтбаев Университетіне мемлекеттік грант бойынша түскен жағдайда оған қосымша шәкіртақы төленеді. Ал екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University, Д.Қ. Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығы (Тау-кен металлургия корпусы).
Анықтама телефоны: +7 707 200 0012, +7 701 166 09 68.
Е-mail: smu@satbayev.university

Ойын форматы:
Бірінші кезең техникалық бағыттағы 60 сұрақтан тұрады (физика, математика, химия), әрбір блокта 20 сұрақ. Алдыңғы сұрақтың жауабы дұрыс болған кезде әрбір келесі сұрақ ашылып отырады. Максималды балл – 60. Шектік балл (2-кезең үшін) – 30. Орындау уақыты – 90 минут. Шектік балл санына жеткен кезде 2-кезеңге жол ашылады (сол сайтта, 1-кезең аяқталғаннан кейін бірден ашылады).

Екінші кезең 60 күрделі сұрақтан тұрады (физика, математика, химия), әрбір блокта 20 сұрақ. Алдыңғы сұрақтың жауабы дұрыс болған кезде әрбір келесі сұрақ ашылып отырады. Орындау уақыты – 120 минут. Осы екі кезең аяқталғаннан кейін ең жақсы нәтиже көрсеткен 10 қатысушы іріктеліп, Сәтбаев Университетінде өтетін ойын финалына жеке қатысуға шақырылады.
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →