Сәтбаев университетіндегі «Күміс университеті» - 60 жастан жоғары және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға белгілі бір білім деңгейін, біліктілікті және дағдыларды тегін алуға, өз қабілеттеріне сенімді болуға және ақпараттық қоғамда тезірек бейімделуге мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты:
Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.
Жоба бойынша оқыту курстары қайда жүзеге асырылады?
Оқыту Сәтбаев университетінде, яғни, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының аумағында жүргізіледі.
Жобаға қалай қатысуға болады?
Азаматтар сауалнама-өтінім толтырып, Күміс университетінің сабағына жазылып, оның бір мүшесі бола алады. Күміс университетінің менеджері құжатты толтыруға көмек көрсетеді, сабақтарды өткізу орындарының мекенжайларын, олардың кестесін, сабаққа қатысу тәртібін, сабаққа қатысуды есепке алу қағидаларын түсіндіреді және өзге де ақпаратты жеткізеді.
Жобаның мүшесі болу үшін қандай құжаттар қажет?
Өтінішті толтыру және кейіннен Күміс университетінің менеджерімен бірге тіркелуден өту үшін азаматтың жеке куәлігі болуы керек; кәсіби деңгейдегі даярлық бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін – оқу білімі және біліктілігі туралы құжаты болуы қажет.
Азаматтар жоба қатысушыларының тізіміне енгені туралы қалай біледі?
Күміс университетінің менеджері берілген сауалнама-өтінім бойынша өтінім берген азаматпен байланысады, ол үшін ең қолайлы сабақтарды таңдайды және оны топқа қабылдайды. Сонымен бірге жобаның менеджері қатысушыға сабақ өтетін орындардың мекен-жайларын, олардың кестесін, сабаққа қатысу тәртібін, сабаққа қатысуды есепке алу ережесін түсіндіреді және оған курс бойынша теориялық және практикалық сабақтарға байланысты ақпаратты жеткізеді.
Оқу қанша уақытты алады?
• Жалпы дамыту бағдарламаларының көлемі 36 сағатқа дейін (дәрістер, семинарлар, тренингтер мен мастер-класстар кіреді).
• Жалпы дамыту бағдарламалары бойынша оқу аптасына 3-4 академиялық сағаттан жүргізіледі.
• Кәсіби бағдарламалардың көлемі 72-ден 108 сағатқа дейін (дәрістер мен тренингтерді қамтиды).
• Кәсіби бағдарламалар бойынша оқыту аптасына 3-6 академиялық сағатқа дейін болады, жобаға қатысу ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады
Post #1408
894
- 👍 1