TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1392 1.18K
​​Құрметті бірінші курс студенттері! 🎉

Сіздерді студенттік өмірдің қызықты әлеміне аяқ бастауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Кешегі "Студенттер қатарына қабылдау-2023" іс-шарасы сіздің ұмытылмас студенттік сапарыңыздың алғашқы қадамы ғана болды. Бұл жарқын кездесу Сіз үшін үлкен жетістіктердің, ұмытылмас естеліктердің және студенттік сапарыңызда сенімді достық байланыстардың бастамасы болсын. Сіз барлық істеріңізде сәттілік тілейміз! 🌟

Біздің университетіміздің бірінші курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өткенін қуана-қуана хабарлаймыз! 🎉

Бұл студенттер үшін ерекше сәт, бұл олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басы ғана емес, сонымен қатар біздің білім беру қауымдастығымызға қосылып, білімге, жетістікке және табысқа ұмтылыстарының бастауы.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімінің салтанаты қуанышты сәттерге, шабытты сөздер мен уәделерге толы болды. Біз жаңа студенттер мен олардың жетекшілеріне, білімнің қызығына жетелейтін профессорларға құрмет көрсетіп, қарсы алдық.

Біз 2023 жылғы студенттерге игі тілегімізді білдіреміз. Университет қабырғасындағы оқу жылдары білім мен тәжірибеге, достық қарым-қатынасқа және жаңа мүмкіндіктерге толы болсын! Әрқайсыңыздың алға қойған армандарыңыз орындалып, мол табысқа жете беріңіздер!

Студент – 2023! Сәтбаев Университетінің үлкен ұжымына, SU – Family-ге қош келдіңіз! 📚🌟
YouTube Посвящение в студенты - 2023
  • 👍 2
  • ❤ 1
More from @itech_su
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  3. Oct 5, 2026photo post
  4. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
  5. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  6. Aug 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →