TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.94K subscribers
Post #1340 769

Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Абай облысының орталығы Семей қаласында Әлихан Бөкейхан Университетінде ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы Жалпы жиналысының отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жетілдіру, заман талабына сай адами капиталды дамыту және университеттердің үшінші миссиясын жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

Отырыс барысында Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары қауымдастығының бұған дейінгі отырыстарында талқыланған көкейкесті мәселелердің шешілу барысы туралы баяндап, еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.

🔗Толығырақ.
More from @itech_su
  1. Oct 12, 2026photo post
  2. Oct 12, 2026⚜️Магистранты Satbayev University заняли второе место на Narxoz CTF 2026 10 октября 2026 г…
  3. Oct 5, 2026video post
  4. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  5. Oct 5, 2026photo post
  6. Oct 5, 2026Энергия будущего: девушки в STEM 📅 15 октября 2026 ⏰ 10:30–13:30 Место проведения: будет…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →