🏠 Жатақханаға қалай орналасу керек?
🔹Жатақханаға өтініш қабылдау мен орналасу рәсімі онлайн түрде жүреді, сол үшін университетке келудің қажеті жоқ.
Жоғары курс студенттерінен өтініш қабылдау мерзімі – 10–20 тамыз 2023 ж.
Бірінші курс студенттерінен өтініш қабылдау мерзімі – 10–25 тамыз 2023 ж.
Жатақханадан орын берілгені туралы ақпарат 2023 жылғы 26 тамызда белгілі болады.
Орналасу – 2023 жылғы 26 тамыздан бастап, 01 қыркүйекке дейін.
🔸Сәтбаев Университетінің жатақханаларында орын шектеулі болғандықтан, орын студенттердің жеке тұрмыс жағдайларына қарай бөлінеді. Алдымен бірінші курс студенттеріне, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, шетелдік студенттерге басымдық беріледі.
Жатақханаға өтініш беру үшін мына сайттағы анкетаны толтырып, қажетті құжаттардың сканерлік нұсқасын жүктеу керек:
1. Паспорт/жеке куәлік;
2. Студенттің жатақханаға жеңілдікпен орналасу құқығын растайтын құжаттар.
🔹Жатақхана беру кезінде ескерілетін басым жеңілдіктер тізімі және қажетті құжаттар.
Жатақханаға орналасу тәртібі туралы ескерту.
Сәтбаев Университетінің сырттан келген студенттерін орналастыру жөніндегі жедел желі телефоны: 8 (747) 2174578.
ҚР ҒЖБМ-нің студенттік жатақханалар жөніндегі Сall-орталығы:
+7 (700) 2551443.
☑️Бізді қалай табуға болады: Сәтбаев Университетіне жету жолдары
Алматы қаласы бойынша жүру үшін Алматының кез келген нүктесінен университетке баратын бағыттарды көрсететін ONAY мобильдік қосымшасын жүктеп алыңыз!
Ол үшін қосымшадағы «Бағдарлар» тармағын таңдап, ішінен «Бағыттар» опциясын таңдайсыз. «Қайдан» тармағында «Картада көрсету» опциясын пайдаланып, орналасқан жеріңізді жазасыз (қосымша сіздің тұрған жеріңізді автоматты түрде көрсетеді), «Қайда» бөліміне «Сәтбаев Университеті» деп енгізесіз.
🔸ONAY!
App Store
Google Play
#news
Post #1322
598