TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.93K subscribers
Post #1216 785
​Алматылық студент инновациялық жобасы үшін 4 миллион теңге ұтып алды💥

Satbayev University-нің «Биомедициналық инженерия» мамандығының 3 курс студенті Жігер Ғалымбекұлы «Tech Startup-2022» инновациялық идеялар мен жобалар байқауының нәтижесі бойынша өзі ашқан жаңалығын жүзеге асыру үшін 4 000 000 теңге ұтып алды. Ол «Көзілдірік оптикасына беріктік қабатын жағуға арналған робототехникалық кешен» атты жаңа жобаны ойлап тапты.

Жігер өз жобасының маңыздылығы жөнінде: «Менің жобам еліміздегі ең ірі көзілдірік шығаратын зауыттың жұмысын жеңілдетуге арналады. Біздің елімізде көзілдірікке арналған линзалар шығаратын зауыт Алматыда ғана бар. Көптеген тұтынушылар көзілдірікке тапсырыс берген кезде, линза тек қашықтан көруді жақсартуға арналған деп ойлайды. Негізі сапалы көзілдірік алыстан не жақын қашықтықтан қиналмай көруге көмектесіп қана қоймай, көздің көру қабілетін қалпына келтіруі керек» - дейді, жас өнертапқыш.

Алматыға көзілдірік линзалары Еуропа елдерінен жеткізіледі. Қазір бізде ең алдымен көру қабілетін тексереді, соған лайықтап линзаны дайындап, корпусын жасайды. Алайда көзілдірік линзасы уақыт өте келе өзінің қасиеттерін жоғалта бастайды. Көзілдірік күнделікті қолданыста болғандықтан оған көптеген сыртқы факторлар әсер етеді. Мысалы, жауын кезінде булану немесе ультракүлгін сәулелерді шамадан тыс қабылдау сынды әсерлер. Сонымен қатар көзілдіріктің әйнегі сырылып кетуі мүмкін, салдарынан линза мөлдірлігін жоғалтады. Соның әсерінен оны таққан адамның көзі әлсіреп, тез шаршайды. Осылайша көздің көру қабілеті одан сайын нашарлай түседі.

«Бұл кемшіліктердің алдын алып, көзілдірік адамға жағымды әсер ету үшін линзаның бетіне бірнеше қорғаныш қабаты жағылуы қажет. Олар беріктік, жарықтандырғыш, ультракүлгін сәулелерден қорғаныш, тағы да басқа қабаттар. Бұл қорғаныш қабаттар лак түрінде болады. Біздің негізгі құрылғы осы қабаттарды жағуға арналған. Ондай аспаптар үлкен зауыттарда ғана бар. Біздің құрылғыдағы ең қарапайым әдіс линзаны ваннаға батыру арқылы қажетті қабаттарды жағу. Яғни бұның экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді тұсы көп», - дейді жоба авторы Жігер Ғалымбекұлы.

Дереккөз
#news
  • 👍 5
More from @itech_su
  1. Oct 16, 2026⚔️ DUNGEON GAME JAM SU: ОТКРЫВАЕМ НОВЫЙ МИР Этой зимой LYSTRA и Satbayev University пригла…
  2. Oct 12, 2026photo post
  3. Oct 12, 2026⚜️Магистранты Satbayev University заняли второе место на Narxoz CTF 2026 10 октября 2026 г…
  4. Oct 5, 2026video post
  5. Oct 5, 2026⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге Жасанды интеллект - тек з…
  6. Oct 5, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →