TGViewer
Channel Public Channel
Insports.kz

Insports.kz

@insports_kz

Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары

Спортивные новости Казахстана и мира
Subscribers
2.72K
Photos
9K
Videos
2.5K
Links
6.2K
Recent Posts 13 shown
Post #14680 22
🥋🇰🇿 Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды!

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық каратэші Әсел Қанай әйелдер арасындағы 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды. 🥈

Финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Гон Лимен кездесіп, 2:8 есебімен жеңілді.

Әсел жарыс жолын сенімді бастап, үш жекпе-жекте жеңіске жетті:

🔹 1/8 финал — Актер Хумайра Антора (Бангладеш) — 9:1
🔹 Ширек финал — Маралжингоо Пуревжав (Моңғолия) — 6:0
🔹 Жартылай финал — Чакрия Ван (Камбоджа) — 3:0

Айта кетейік, Әсел Қанай — Ханчжоу-2023 Азия ойындарының және әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұған дейін каратэден Жоламан Биғабыл (-55 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) Азия ойындарының чемпионы атанған еді. 🥇🥇

Ертең татамиге Белла Самашева (-55 кг) және Нұрқанат Ажықанoв (-75 кг) шығады.

📸 Сали Сабиров

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 1
Post #14679 89
INSPORTS.KZ YouTube арнасының кезекті қонақтары — ҚР Ұлттық Садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсенбеков пен атқарушы директоры Еділ Темірбеков.

Бұл шығарылымда Қазақстандағы садақ атудың қазіргі жағдайы, федерацияның жетістіктері мен алдағы жоспарлары, ұлттық құраманың дайындығы, өңірлердегі садақ атуды дамыту және жаңа спортшыларды тәрбиелеу мәселелері сөз болады.

Сондай-ақ классикалық және блоктық садақтың ерекшеліктері, кәсіби спортшыны жабдықтау шығындары, жаттықтырушылардың еңбегі, спортшыларға көрсетілетін қолдау, халықаралық жарыстар, Азия ойындарына дайындық және елімізде садақ атуды одан әрі дамыту бағыттары талқыланады.

Ұлттық спорттың бірі — садақ атудың бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы ашық әңгіме.

📺 Толық подкастты INSPORTS.KZ YouTube арнасынан көре аласыздар.

ВИДЕО

💬 Пікір қалдырып, ой бөлісуді ұмытпаңыздар!
👍 Лайк басып, арнаға тіркеліңіздер!

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 3
  • ❤ 1
  • 👍 1
Post #14678 97
🏓🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы Азиадада плей-оффқа шықты!

XX жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен әйелдер арасындағы командалық жарыс жалғасуда.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы С тобындағы шешуші турда Мальдив аралдарының командасын 3:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жеңіске Сарвиноз Миркадирова мен Зәуреш Ақашева үлес қосты. Зауреш екі кездесуде жеңіске жетсе, Сарвиноз бір матчта қарсыласынан басым түсті. Алғашқы кездесуде Жанерке Қошқымбаева өнер көрсетті.

Бұған дейін қазақстандықтар топтық кезеңде Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберген болатын.

🔥 Енді жерлестеріміз плей-офф кезеңінде ел намысын қорғауды жалғастырады!

📸 Арлан Олжабай

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 5
  • ❤ 1
  • 😍 1
  • 🤓 1
Post #14677 105
🥉 Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды!

🇰🇿 Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ММА-дан қола медаль жеңіп алды.

Спортшымыз ММА-ның дәстүрлі стилінде 65 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ие болды.

Бұл медальдің тарихи маңызы зор. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарында ММА-дан медаль алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагоя қалаларында өтуде.

📸 Владислав Семенов

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 👍 5
  • ❤ 1
  • 👏 1
Post #14676 106
Қайырлы таң!

📅 спорт тарихында

🥊 1955 жыл — Рокки Марчиано өзінің кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегінде Арчи Мурды 9-раундта нокаутқа түсіріп, ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Марчиано мансабын 49 жеңіс, 0 жеңіліспен аяқтады.

🥊 1985 жыл — Майкл Спинкс Ларри Холмсты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл Холмстың кәсіпқой рингтегі жеңіліссіз сериясын тоқтатты.

⚽ 2019 жыл — Manchester City Англия чемпионатындағы клуб тарихындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Watford-ты 8:0 есебімен ойсырата жеңді.

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 👍 4
  • ❤ 1
  • 🤓 1
Post #14671 164
🇰🇿🏆 Азиада-2026: Қазақстанның алғашқы күндегі нәтижесі

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде 6 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі — алтын! 🥇

🥇 Алтын — 4
🚴 Рината Сұлтанова— велоспорт
🚴 Алексей Луценко — велоспорт
🥋 Жоламан Биғабыл— каратэ
🥋 Софья Берульцева — каратэ

🥉 Қола — 2
🏊 Арлан Жанабай — триатлон
🏇 Қазақстанның ерлер құрамасы — қазіргі бессайыс

🔝 Қазақстан жалпы медаль кестесінде алғашқы күннің қорытындысы бойынша 4-орында тұр.

📸 Арлан Олжабай

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 8
  • ❤ 1
  • 👏 1
Post #14670 148
🏓🇰🇿 Қазақстан құрамасы Азия ойындарында екінші жеңісіне жетті!

Жапонияда өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы топтық кезең жалғасуда.

G тобында өнер көрсетіп жатқан Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбановтан құралған Қазақстан құрамасы Сингапурды 3:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін отандастарымыз Бангладеш құрамасын 3:0 есебімен ұтқан еді.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең Лаосқа қарсы өткізеді.

Азия ойындары Жапонияда 4 қазанға дейін жалғасады.

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • ❤ 5
  • 👍 1
  • 👏 1
Post #14668 174
🏓🇰🇿 Қазақстан құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады!

XX жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы командалық бәсекенің топтық кезеңі басталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Бангладешті 3:0 есебімен жеңді.

Жекелей кездесулерде:
Кирилл Герасименко – Ридой Мохутасин 3:0
(11:5, 11:4, 11:4)

Алан Құрманғалиев – Имран Имрул 3:0
(11:4, 11:7, 11:9)

Санжар Жұбанов – Баум Рахимилиан 3:0
(11:8, 11:5, 13:11)

🇰🇿 Қазақстан құрамасы топтық кезеңді сенімді жеңіспен бастады!

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • ❤ 4
  • 👍 2
  • 👏 1
  • 😍 1
Post #14667 156
INSPORTS.KZ YouTube арнасының кезекті қонақтары — ҚР Ұлттық Садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсенбеков пен атқарушы директоры Еділ Темірбеков.

Бұл шығарылымда Қазақстандағы садақ атудың қазіргі жағдайы, федерацияның жетістіктері мен алдағы жоспарлары, ұлттық құраманың дайындығы, өңірлердегі садақ атуды дамыту және жаңа спортшыларды тәрбиелеу мәселелері сөз болады.

Сондай-ақ классикалық және блоктық садақтың ерекшеліктері, кәсіби спортшыны жабдықтау шығындары, жаттықтырушылардың еңбегі, спортшыларға көрсетілетін қолдау, халықаралық жарыстар, Азия ойындарына дайындық және елімізде садақ атуды одан әрі дамыту бағыттары талқыланады.

Ұлттық спорттың бірі — садақ атудың бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы ашық әңгіме.

📺 Толық подкастты INSPORTS.KZ YouTube арнасынан көре аласыздар.

ВИДЕО

💬 Пікір қалдырып, ой бөлісуді ұмытпаңыздар!
👍 Лайк басып, арнаға тіркеліңіздер!

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • ❤ 3
  • 🔥 2
  • 👍 1
Post #14666 151
🥉🇰🇿 АРЛАН ЖАНАБАЙ — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай XX жазғы Азия ойындарында ерлер арасындағы триатлон жарысында қола медаль жеңіп алды! 🔥

🥇 Такауми Ходжо 🇯🇵 — 52:56
🥈 Чжан Сюжуй 🇨🇳 — 53:05
🥉 Арлан Жанабай 🇰🇿 — 53:11

Тағы бір қазақстандық спортшы Аян Бейсенбаев мәреге 9-орынмен жетті — 54:56.

🇰🇿 Арлан Жанабайдың қола жүлдесі — Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы кезекті медалі!

Жарайсың, Арлан! Ел намысын абыроймен қорғадың! 👏🇰🇿

📸Арлан Олжабай

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 4
  • ❤ 1
  • 👍 1
Post #14665 164
🥇🇰🇿АЛТЫНМЕН БАСТАЛҒАН АЗИАДА: РИНАТА СҰЛТАНОВА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы шосседегі жекелей жарыста топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды! 🚴‍♀️🔥

Рината Сұлтанова — 36:23.72
🥈 Чжан Хао 🇨🇳 — 36:28.40
🥉 Син Джиын 🇰🇷 — 36:56.14

Бұл — Ринатаның екінші Азия ойындары. Ханчжоудағы додада ол осы бағдарламада қола жүлдеге ие болған еді.

Ал бұл жолы қазақстандық спортшы жарыстың алғашқы күнінде-ақ тарихи жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын жүлде есебін ашты! 🇰🇿💪

Жарайсың, Рината! Алтын жолы жалғаса берсін! 🥇🇰🇿

🎥 Видео: Аян Төлегеннің Telegram арнасынан

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • 🔥 5
  • ❤ 2
  • 👍 1
Post #14661 162
♟️🇰🇿 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗДАРЫ ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫНДА ТӨРТІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ!

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны 3:1 есебімен жеңді. 🇰🇿🔥

Бұл кездесуде басты жаңалық — Бибісара Асаубаеваның Олимпиададағы алғашқы жеңісін тіркеуі. Ал 16 жастағы Елназ Қалиахмет қатарынан төртінші партиясында жеңіске жетіп, тамаша сериясын жалғастырды.

🤝 Алуа Нұрман мен Меруерт Қамалиденова өз партияларын тең аяқтады.

🇰🇿 Қазақстан — 🇦🇲 Армения 3:1

Бибісара Асаубаева
🤝 Алуа Нұрман
🤝 Меруерт Қамалиденова
Елназ Қалиахмет

♟️ Ерлер құрамасы да төртінші турда Жапониядан басым түсті. Қазақстандық шахматшылар қарсыласын 3,5:0,5 есебімен жеңіп, Олимпиададағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

🔥 Денис Махнёв, Сауат Нұрғалиев және Даниал Сапенов жеңіске жетсе, Жандос Ағманов партиясын тең аяқтады.

Ертең шахмат Олимпиадасының бесінші туры өтеді. Турнир 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

📍 Самарқанд, Өзбекстан
🗓️ 16–27 қыркүйек

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
  • ❤ 2
  • 👏 1
Older posts →

About this channel

How can I read @insports_kz without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Insports.kz: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Insports.kz have?
Insports.kz (@insports_kz) has 2.72K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Insports.kz know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →