TGViewer
Äl-Kälam ılımı Äl-Kälam ılımı @ilmulqalam · 94 subscribers
Post #43 459
Әлеуметтік желілерде танымал дінсіз, кәпір, күпірлікті үгіт-насихат етушілердің бірі SCIQ( Ысқақ) былай дейді:

Неге Еврейлерде пайғамбар көп, ал біз сияқты көшпелі түркі халықтарында пайғамбар жоқ?
деген сұраққа менің өз жауабым бар, ол былай:
Еврейлер – тарих бойы түрлі империялардың езгісін көп көрген халық. Бір мемлекетте қысымға ұшырап, екіншісінде қайтадан тепкі көрген олар, түпсанасында: «Бізге бір құтқарушы келеді, ол бізді бұл дүниеде де, о дүниеде де жақсылыққа жеткізеді» деген сенімді қалыптастырды. Осындай ауыр тағдыр мен үміттен, пайғамбар жайлы идея туындады.

Ал көшпенділер, керісінше, өз өмірінде ешкімнің құлы болмаған, керегін күшпен алған, жауларын талқандаумен өмір сүрген. Сондықтан оларда пайғамбар туралы түсінік пайда болмады.

дейді SCIQ.

Біздің бұл шубһәға берер жауабымыз:

Біріншіден, «пайғамбар тек езілген халықтан шығады» деген түсінік өзі-ақ қисынсыз. Еркін, ешкімге бағынышты болмаған халықтардан да пайғамбар шыққан. Мысалы, Мұхаммед ﷺ-ның кезінде арабтар еш империяға құл болмады. Худ пен Салих араб тайпаларының шыққан. Ал Дәуіт пен Сүлеймен өздері патша болған.

Екіншіден, Құранда анық айтылады:
Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік...

(Нахл сүресі 36 аят).

Көшпенділерде аты-жөні сақталмағаны бізде пайғамбар болмағанын білдірмейді. Қазір скифтердің математикасы туралы жазба жоқ деп, оларда математика болмады деуге болмайды ғой.

Үшіншіден, неге еврейлерден көп пайғамбар шыққанын түсіну үшін тарих пен географияға қарау керек. Филистин – үш құрлықтың тоғысқан жері, сауда жолдарының торабы. Ол жерде жазба мәдениет ерте дамыған, сондықтан пайғамбарлар жайлы деректер жақсы сақталды. Ал көшпенділерде тарих көбіне ауызша жеткендіктен, есімдер жоғалуы мүмкін. Бұл бізде пайғамбар болмағанының емес, дерек сақталмағанының белгісі.

Тағы бір ойланатын нәрсе: егер еврейлер пайғамбарларды өздері ойлап тапса, неге Құран олардың кейбірін растайды, бірақ сол халықтың қателіктерін де ашық сынайды? Христиандықта да, исламда да, тіпті басқа мәдениеттерде де ортақ пайғамбарлар бар. Бұл қалайша жай ғана «бір халықтың ертегісі» болуы мүмкін?

Қорытындысында, пайғамбарлар әр халыққа жіберілген. Еврейлерден көп шығуы – география мен жазба дәстүріне байланысты, ал көшпенділерде деректің жоғалуы – ауызша тарихқа тән құбылыс.
  • ❤ 5
More from @ilmulqalam
  1. Jul 4, 2026Как вы относитесь к порицанию национализма будучи таким же националистом?
  2. Jun 29, 2026Салафитского шейха спрашивают о том какая разница между суннизмом и ваххабизмом
  3. Jun 28, 2026Они так помешаны на ибн Араби, как будто это один из столпов ашаризма. Пока они весь свой…
  4. Jun 28, 2026Не вечно же нам оправдываться, иногда нужно и атаковать
  5. Jun 27, 2026Больше не Негизжоловские
  6. Jun 27, 2026Channel name was changed to «Äl-Kälam ılımı»
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →