Қазақстан тәңіршіл-мүшріктерінің басшыларының бірі Арман Нұрмұханбетов өзінің Instagram-парақшасында былай дейді:
Тәңіршілдікте неге кітап болмаған?
Исламисттер "Тәңіршілік - дін емес, себебі бұда Қасиетті Кітап жоқ", -дейді...
Бұл наразылыққа жауап Ұлы хан Мөңке берген. Моңғол қағанаты пайда болған кезде Мөңке ханның алдынан көшпенділерді шоқындарымыз деп үміттеніп католиктік миссионерлер өтеді, .
Сонда олар ханымызға «Бізге Құдай Кітап жіберген, сол себептен Ақиқат бізде, христиандықты қабыл алу керексіңдер», дейді. Оларға Мөңке хан: "Құдай сендерге Кітап берсе де, бірақ сендер оны орындамайсыңдар..." "...Ал бізге Құдай Қасиеті бар адамдарды берді, біз олардың айтқанын орындаймыз да [осының арқасында] бейбіт өмір сүреміз..." деп жауап береді.