FIRST Global Challenge Central Asia 2026 халықаралық іріктеу кезеңіне тіркелу басталды!
Қазақстан атынан әлемнің ең беделді халықаралық робототехника жарыстарының бірі — FIRST Global Challenge 2026 чемпионатына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Іріктеуге 14–18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады (туу күні 2007 жылғы 7 қазан мен 2012 жылғы 11 қазан аралығында).
Іріктеуге қатысу үшін әр команда 3 міндетті кезеңнен өтуі қажет:
1-кезең. Онлайн тіркелу
Тіркеу формасын толық әрі дұрыс толтыру.
2-кезең. Құжаттарды тапсыру
Команданың қатысуға келісіміне қол қойып, Ережеде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды белгіленген электрондық пошта мекенжайына жіберу.
3-кезең. Social Media Challenge (SMC)
Ережеге сәйкес дайындалған бейнематериалдарды белгіленген мерзімге дейін жүктеу.
Тіркелу формасы:
https://forms.gle/t56HD7sdfZeL6yCaA
Ереже, қажетті құжаттар, үлгілер және нұсқаулықтар:
https://drive.google.com/drive/folders/1SBJACt4wSSkVsmodXmMmXV4YBgDjN85W?usp=sharing
Маңызды!
Команданың өтінімі тек барлық үш кезең толық орындалған жағдайда ғана қабылданады. Онлайн тіркелуді ғана толтыру іріктеуге қатысу үшін жеткіліксіз.
Барлық командаларға сәттілік тілейміз! Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруға дайын болсаңыз, өтініміңізді жіберіңіз. Біз сіздердің идеяларыңыз бен жобаларыңызды асыға күтеміз!
Post #418
3.15K