Құрметті әріптестер!
FIRST бағдарламасының 2026–2027 CANOPY™️ маусымы аясында өтетін жарыстарға Judges (төрешілер) және Referees (рефери) құрамын қалыптастыру үшін тіркеу ашылғанын хабарлаймыз.
Біз робототехника, инженерия, IT, білім беру, ғылым, инновация, бизнес және басқа да салалардың мамандарын, сондай-ақ FIRST жарыстарында тәжірибесі бар немесе осы бағытта тәжірибе жинақтағысы келетін үміткерлерді шақырамыз.
Judge — командалардың жобаларын, инженерлік шешімдерін, командалық жұмысын және басқа да бағалау критерийлерін төрешілік сессиялар барысында бағалайды.
Referee — Robot Game матчтарының ережелерге сәйкес өтуін қадағалайды және матч нәтижелерін тіркейді.
Тіркелген үміткерлер үшін жарыстар алдында арнайы оқыту және нұсқаулық өткізіледі.
📌 Тіркелу формасы: [https://forms.gle/DFiAUkhK7yRGweF6A]
FIRST қауымдастығына қосылып, жас инженерлер мен инноваторлардың дамуына үлес қосуға шақырамыз!
Post #454
749