🇰🇿 Бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңі ұлттың санасын оятып, болашаққа көз салуға жол ашты. Ақынның сөзі - тек бір дәуірдің үні емес, әр кезеңде жаңа мағынаға толатын мәңгілік мұра.
🇰🇿 Бүгін сол жолдар қайта жаңғырғанда, біз оны басқаша естиміз: ұлттың байлығын сақтау, оны ақылмен игеру және келер ұрпаққа аманат етіп жеткізу. Қазақстанның мұнай саласы дәл осындай кезеңде тұр. Ірі кен орындарының қорлары табиғи түрде азайып, қабаттардағы мұнайдың басым бөлігі дәстүрлі тәсілмен алынбай қалуда.
📱 Мұнайбергіштікті арттыру әдістері (МБА/EOR) - осы қорды қайта жандандыратын, отандық ғылым мен инженерлік әлеуетке сүйенетін заманауи шешім. Марат Серікұлы Сағындықовпен бірге түсірген біздің соңғы эпизодымызда МБА әдістерінің қолданысы, соңғы технологиялар, осы бағытта жасалынып жатқан шаралар мен зерттеулер туралы толық ақпарат ала аласыздар. Сілтеме ➡️ осында
🛢️ https://t.me/EnergyAnalytics
Post #2793
641