🛢️ Мұнайбергіштікті арттыру (МБА-EOR) форумы KAZEOR 2026 нәтижесі және елдің алдағы МБА стратегиясы
Бүгінгі эпизод еліміздің мұнай-газ саласындағы маңызды әрі стратегиялық бағыт - мұнайбергіштікті арттыру (МБА-EOR) туралы. Кен орындарындағы мұнайдың едәуір бөлігі әлі де жер қойнауында қалып отыр. Оны тиімді өндіру Қазақстан экономикасының ертеңіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде түсірілген бұл эпизод сала мамандарына арналған ерекше сыйлық деп есептейміз.
Подкаст қонағы - осы саланың дамуына үлес қосып, көшбасшылық танытып жүрген - Марат Серікұлы САҒЫНДЫҚОВ (PhD докторы), Мұнайбергіштікті арттыру орталығының (МАО) басшысы, өндірістік тәжірибесі 13 жылдан асатын мұнайшы-ғалым.
Эпизодта спикер KAZEOR 2026 форумының қорытындылары мен оның стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен қатар алдағы іс-шаралар жоспарын таныстырып, ұйымдастырушы тараптың көзқарасы тұрғысынан форумның негізгі бағыттары мен нәтижелерін атап өтті.
Кен орнындағы маман, инженер, ғалым немесе студент болсаңыз да, бұл әңгіме сізді шабыттандырып, сала болашағына жаңа көзбен қарауға жетелейді деп сенеміз. Мерекелік эпизодты барша мұнайшыларға арналған тілекпен түйіндейміз: миссиямыз белгілі, мақсаттарымыз айқын, осы бағытта ниетіміз түзу, күш-қуатымыз мол және тәртібіміз берік болсын!
↖️ https://c-eor.com/eor2026 - Мұнайбергіштікті арттыру (МБА/EOR) әдістері бойынша Қазақстан форумы 2026 ресми сайты
↖️ https://c-eor.com/eor2027 - Enhanced Oil Recovery (EOR) Workshop Knowledge Accelerated Zero-emission EOR - KAZEOR 2027
↖️ Мұнай бергіштікті арттыру (МБА - EOR) бағыты бойынша жас мамандарға ➡️ байқау
🕛 Таймкодтар:
0:00 Подкаст тизері
2:35 Спикерді таныстыру және Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтау
4:06 KAZEOR 2026: мұнайбергіштікті арттыру (МБА-EOR) әдістері бойынша Қазақстан форумы туралы
7:10 «Мұнайбергіштікті арттыру (МБА) әдістері»: қазақша терминнің шығу тарихы мен қолданысы
10:30 Мұнайбергіштікті арттыру орталығы және KAZEOR 2026 брошюралары
12:42 KAZEOR: ғылым мен біліммен жеделдетілген, жаңартылған, net-zero қағидаттарын қамтитын шара
14:31 Форумға қатыса алмаған, кен орындарында жұмыс істейтін мамандарға жолдау және М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңі
17:30 Форумның стратегиялық ерекшелігі: оны ұйымдастыруға не түрткі болды?
21:02 «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жобалары; шикізат бағасы және Энергетика министрлігі жасаған жағдайлар
25:06 МБА әдістерінің қазіргі кен орындарында қолданылуы және олардың әлеуетін ашу
29:14 МБА коэффициенті: дамыған елдердің тәжірибесі қандай?
31:04 KAZEOR 2026 жұмыс күндері мен стратегиялық сессиялары - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев көрсеткен жолды жалғастыру
37:40 Елдің әлеуетін арттыратын пайдалы шаралар қажет, алдағы жұмыс көп
40:00 1-стратегиялық сессия: Газдық, термиялық, физикалық, химиялық және біріктірілген әдістер.
45:50 2-стратегиялық сессия: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 148-1-бабын қолдануды талдау.
46:54 3-стратегиялық сессия: МБА тиімділігін бағалау бойынша ұсынылатын аналитикалық және сандық тәсілдер; 4-стратегиялық сессия: МБА жабдықтары мен химиялық реагенттерін жергіліктендіру.
48:14 5-стратегиялық сессия: Сандық және аналитикалық тәсілдер, аналогтар және қолдану тарихы бойынша модельдеу; 6-стратегиялық сессия: МБА әсер ету агенттерін зертханалық зерттеу және кәсіпшілік жағдайларға бейімдеу.
50:35 7-стратегиялық сессия: МБА-ның кәсіпшілік мониторингі; 8-стратегиялық сессия: Кәсіпшілікте іске асыру және жерүсті инфрақұрылымы.
53:15 Қазақстандағы МБА бойынша өзге де маңызды шаралар және салаға еңбек сіңірген отандық мамандар
58:09 Форумның алдағы жоспарлары және SPE-дің Баку қаласындағы EOR бойынша воркшопы
1:04:30 «Жасалған істен ниет артық» - тәсілдерді зерттеудің маңызы
1:05:48 2027 жылғы форум: не болады, кімдер қатысады, неге дайындалу керек?
1:12:10 Шахмардан Есеновтің ерен еңбегі мен мұрасы, Маңғыстау өңірінің ерекше рөлі
1:14:43 Жастардың МБА саласына қызығушылығы: саланың болашақтағы маңызын біліп, қазірден үйренген абзал
1:18:22 Қазақстандағы техникалық ЖОО-ларда МБА мамандығын оқыту перспективасы: бакалавриат, магистратура
1:19:51 «Мұнайбергіштік» термині бойынша ортақ шешім қажет
1:22:00 Қорытынды
🛢️ https://t.me/EnergyAnalytics
Post #2779
4.84K