TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27262 326
СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 1,3 ТРЛН ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

💊 Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу жүйесін жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және халық үшін емнің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

2019–2025 жылдар аралығында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі үш еседен астам өсіп, 83 млрд теңгеден 272,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осы кезеңде тегін дәрі-дәрмек алатын пациенттердің саны 2,5 млн-нан 3,4 млн адамға дейін артты.

2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.

Сатып алу жүйесін жетілдірудің негізгі нәтижелерінің бірі – отандық өндірістің 66 дәрілік препаратының бағасын төмендету болды. Бұл бюджет қаражатын 10,3 млрд теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алу тәжірибесін де кеңейтуде. 2026 жылы тікелей келісімшарттар бойынша сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың атаулары 404-ке дейін өсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 182 атауды құраған болатын.

🙌 Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілуде. Биыл БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық тетіктер арқылы 32 атаудағы дәрілік заттарды сатып алу көзделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23 атауды құраған.

✅ Сатып алу тетіктерін жетілдіру бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, дәрі-дәрмек жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пациенттер үшін тегін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 7, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ ИИ-ТЕХНОЛОГИЯ ПОЗВОЛИТ ВЫЯВЛЯТЬ РИСК СЕРДЕЧНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ 🤖 В Казахста…
  2. Oct 7, 2026ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ ҚАУПІН АНЫҚТАУҒА МҮМКІНД…
  3. Oct 7, 2026🤖 Ая снова с полезной информацией! В этом видео ИИ-помощница РЦПМСП рассказывает, к каким…
  4. Oct 7, 2026🤖 Аяның пайдалы кеңесі! Бұл видеода РЦПМСП-ның жасанды интеллект негізіндегі көмекшісі уч…
  5. Oct 7, 2026ЖЕНСКИЙ ФОРУМ: КАЗАХСТАН УСИЛИВАЕТ ПОДХОДЫ К ОХРАНЕ ЗДОРОВЬЯ МАТЕРЕЙ И ДЕТЕЙ 🤱 За годы не…
  6. Oct 7, 2026ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАН АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ТӘСІЛДЕРІН КҮШЕЙТУДЕ 🤱 Тә…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →