TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27266 254
ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАН АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ТӘСІЛДЕРІН КҮШЕЙТУДЕ

🤱 Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ана өлімі 6,7 есеге, нәресте өлімі 5,2 есеге төмендеді. Осылайша ана мен бала өлімін азайту бағытындағы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) нысаналы көрсеткіштеріне мерзімінен бұрын қол жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Халықаралық әйелдер конференциясында мәлімдеді. Министр әйелдер мен балалардың денсаулығы елдің демографиялық болашағын тікелей айқындайтынын атап өтті.

«Бүгінде алдымызда бұдан да күрделі міндет тұр – әрбір адамның өмірін сақтап, алдын алуға болатын өлімге жол бермеу. Ол үшін заманауи диагностика, жүкті әйелдерді тиімді бағыттау, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту, медициналық көмектің сапасына тұрақты аудит жүргізу және ауыр жағдайларға жедел әрекет ету қажет», – деді ведомство басшысы.


🇰🇿 ЮНИСЕФ Қазақстанның балалар, нәрестелер және неонаталдық өлімді төмендету, вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын инфекцияларды қысқарту бағыттарындағы елеулі нәтижелерін, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі патронаж қызметінің тиімділігін атап өтеді. Халықаралық ұйым Қазақстанның тәжірибесін Орталық Азия елдеріне пайдалы болуы мүмкін балалар денсаулығын сақтау саласындағы озық тәжірибелердің бірі ретінде бағалайды.

🧸 Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 6,9 млн бала тұрады, бір жыл ішінде 329 мыңнан астам бала дүниеге келген. Министр атап өткендей, әрбір санның артында нақты адамның денсаулығы мен өмірі тұр. Сондықтан көрсеткіштерді одан әрі жақсарту барынша дәл әрі жекелендірілген тәсілді талап етеді.

🌸 Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау жүйесіндегі әйелдердің рөліне де ерекше тоқталды. Бүгінде салада шамамен 84 мың дәрігер және 196 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 80 пайыздан астамы – әйелдер.

Министр әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне де тоқталды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 55,8 пайызын әйелдер құрайды, олардың 39,1 пайызы басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 46,8 пайызға жетті.

👸 7 қазанда министр Түрікменстанда өткен «Бейбітшілікті сақтаудағы және орнықты дамуға қол жеткізудегі әйелдердің рөлі» атты Халықаралық әйелдер диалогына және «Демографиялық процестер және орнықты даму: заманауи міндеттер мен халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

🌐 Сөз барысында климат пен денсаулықтың өзара байланысына да назар аударылды. Экстремалды ыстық, су ресурстарының өзгеруі және басқа да климаттық факторлар халық үшін жаңа қауіп-қатерлер туғызып, денсаулық сақтау жүйелеріне қосымша салмақ түсіруде.

🙌 Осыған байланысты Қазақстан өңір елдерін тәжірибе алмасудан нақты бірлескен іс-қимылдарға көшуге шақырды. Оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау бағдарламаларын іске асыру, ана мен нәресте өлімінің алдын алу, үздік медициналық практикалармен алмасу және кадрлар даярлау, әйелдер денсаулығын, цифрлық технологиялар мен жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту бағыттары бар.

✅ Ақмарал Әлназарова Қазақстанның әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау және орнықты даму мәселелері бойынша Түрікменстанмен және өңірдің басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 7, 2026Форум организован Национальным научным центром развития здравоохранения имени Салидат Каир…
  2. Oct 7, 2026«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП»: ЗДОРОВЬЕ РЕБЕНКА СТАНОВИТСЯ ЧАСТЬЮ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ 📚 В Казахстане иниц…
  3. Oct 7, 2026Форумды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің…
  4. Oct 7, 2026«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП»: БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕКТЕП ОРТАСЫНЫҢ БӨЛІГІНЕ АЙНАЛУДА 📚 Қазақстанда «Сал…
  5. Oct 7, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ ИИ-ТЕХНОЛОГИЯ ПОЗВОЛИТ ВЫЯВЛЯТЬ РИСК СЕРДЕЧНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ 🤖 В Казахста…
  6. Oct 7, 2026ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ ҚАУПІН АНЫҚТАУҒА МҮМКІНД…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →