TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27260 337
БАЛАЛАР ОНКОГЕМАТОЛОГИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН ЖҮЗДЕГЕН КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ӨМІРІ САҚТАЛАДЫ

Балалар онкологиясымен күрес – күн сайынғы шайқас. Осыдан 15 жыл бұрын кішкентай пациенттерді сүйек кемігін трансплантаттау үшін шетелдік клиникаларға жіберетін болса, бүгінде жоғары технологиялық емдеу еліміздің өзінде қолжетімді.

Балалар онкологы әрі гематологы Ерғали Сәрсекбаев көп жылдан бері дің жасушаларын трансплантаттаумен айналысып, балаларға сауығып кетуге мүмкіндік сыйлап келеді.

«Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау біздің Орталықта 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыттың ішінде осындай күрделі 350-ден астам операция жасадық. 2025 жылы бізде 2500-ден астам бала ем қабылдады, 58 трансплантаттау жасалды. Оның ішінде туыстық емес донорлардан жасалған трансплантаттаулар да бар», – дейді балалар онкологы.


Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникалық трансфузиология бөлімі мен аферез зертханасы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл дің жасушаларын дайындау мен сақтаудан бастап, қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етуге дейінгі толық циклді үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дәрігерлердің қажырлы еңбегі мен заманауи технологиялардың арқасында ауыр ауруларды жеңу мүмкіндігі артып келеді, ең бастысы – балалар жоғары білікті медициналық көмекті жақындарының жанында, өз елінде ала алады!

⚡️⚡️⚡️

ДЕТСКАЯ ОНКОГЕМАТОЛОГИЯ: В КАЗАХСТАНЕ ЕЖЕГОДНО СПАСАЮТ СОТНИ МАЛЕНЬКИХ ПАЦИЕНТОВ

Борьба с детской онкологией – это сражение каждый день. Если еще 15 лет назад маленьких пациентов отправляли на пересадку костного мозга в зарубежные клиники, то сегодня высокотехнологичное лечение доступно прямо в нашей стране.

Детский онколог и гематолог Ергали Сарсекбаев уже много лет занимается трансплантацией стволовых клеток и дарит детям шанс на выздоровление.

«Трансплантация гемопоэтических стволовых клеток проводится в нашем Центре с 2012 года. За это время мы выполнили уже более 350 таких сложных операций. В 2025 году лечение у нас получили свыше 2500 детей, проведено 58 трансплантаций, в том числе от неродственных доноров», – говорит детский онколог.


В Научном центре педиатрии и детской хирургии в круглосуточном режиме работают отделение клинической трансфузиологии и лаборатория афереза. Это позволяет непрерывно обеспечивать полный цикл: от заготовки и хранения стволовых клеток до снабжения необходимыми компонентами крови.

Благодаря самоотверженному труду врачей и современным технологиям побеждать тяжелые болезни становится легче, а главное – дети получают высококвалифицированную помощь рядом с близкими, у себя на родине!

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 6, 2026*🩺 ВИЧ: знать свой статус — важно* Знали ли вы, что в Казахстане лечение ВИЧ для граждан…
  2. Oct 6, 2026МИНЗДРАВ: КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ГРИППА И ОРВИ ⚡️ С наступлением осени дети вернулись в коллект…
  3. Oct 6, 2026ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ⚡️ Күздің келуімен…
  4. Oct 5, 2026КАЗАХСТАН И ВОЗ ОБЪЕДИНЯТ УСИЛИЯ ПО СОХРАНЕНИЮ ЗДОРОВЬЯ ЖИТЕЛЕЙ ПРИАРАЛЬЯ 🌍 Дорожная карт…
  5. Oct 5, 2026ҚАЗАҚСТАН МЕН ДДҰ АРАЛ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША КҮШ БІРІКТІРЕДІ 🌍 А…
  6. Oct 5, 2026🎀 Розовый октябрь КазНИИОиР запускает челлендж в поддержку месяца осведомлённости о раке…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →