TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27249 325
ҚАЗАҚСТАН МЕН ДДҰ АРАЛ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША КҮШ БІРІКТІРЕДІ

🌍 Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын экологиялық және климаттық қауіптерден қорғауға бағытталған «Салауатты болашақ» бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуінде таныстырылды. Кездесуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы, мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

📄 🤝 «Арал өңіріндегі «Салауатты болашақ» құжаты: 2026–2030 жылдарға арналған «Арал теңізі – қоршаған орта және денсаулық» бағдарламасына қарай» атты құжат биыл сәуір айында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың практикалық жалғасы болып табылады. Құжат өңірдегі профилактикалық іс-шараларды, медициналық және экологиялық мониторингті күшейтуді көздейді.

«Біз үшін экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсер етуін күтпей, алдын ала әрекет ету маңызды. Біз қауіптерді ертерек анықтап, аурулардың алдын алып, адамдарға қажетті көмекті уақтылы көрсетуіміз керек», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


Жол картасы санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық мониторингті күшейтуді, ғылыми зерттеулерді дамытуды, сондай-ақ су мен ауаның сапасы, климаттық және басқа да факторлардың халық денсаулығына әсерін талдау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды көздейді.

Балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлінеді.

🌐 Бұл жұмыс Қазақстан мен Өзбекстанның күш-жігерін ДДҰ мен БҰҰ жүйесіндегі әріптестердің қолдауымен біріктіреді. Оған экологиялық ведомстволар, өңірлер, ғылыми қоғамдастық және халықаралық әріптестер де тартылған.

☘️ Қазақстанда Арал өңірінің экожүйелерін қалпына келтіру, Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру және сексеуілден қорғаныш орман алқаптарын құру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Су ресурстарын мониторингтеудің заманауи құралдары дамытылуда.

📌 Министрдің айтуынша, келесі кезең – халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың профилактикасы және уақтылы шешімдер қабылдау кезінде пайдалану үшін экологиялық және медициналық деректердің өзара байланысын күшейту.

«Бүгін біз баршамызға, әсіресе келер ұрпаққа қатысты болашаққа бастайтын нақты қадамдарды айқындау үшін жиналып отырмыз. Келер ұрпақтың таза суы, таза ауасы және қауіпсіз азық-түлігі бар ортада өмір сүруге деген үміті сақталуы тиіс. Бұл – ортақ жауапкершілік. Мұндай болашаққа тек бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізуге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атынан осы маңызды бастамаға қатысып отырған баршаңызға алғыс айтамын. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көшбасшылығы, қолдауы және осы бағдарламаны іске асыруға деген бейілділігі үшін ризашылығымды білдіремін.
ДДҰ бұдан әрі де Қазақстанға қоршаған орта мен денсаулық мәселелеріне кешенді тәсілді ілгерілетуге және қазіргі әрі болашақ ұрпақтың денсаулығы мүддесінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсететін болады», – деді ДДҰ-ның Қазақстандағы офисінің басшысы, доктор Скендер Сыла.


🙌 Қазақстан Орталық Азия елдерінің, ДДҰ-ның, БҰҰ жүйесінің, ғылыми қоғамдастықтың және халықаралық әріптестердің күш-жігерін адамдардың денсаулығы мен Арал өңірінің орнықты болашағын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсат төңірегінде одан әрі біріктіруді көздейді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 6, 2026*🩺 ВИЧ: знать свой статус — важно* Знали ли вы, что в Казахстане лечение ВИЧ для граждан…
  2. Oct 6, 2026БАЛАЛАР ОНКОГЕМАТОЛОГИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН ЖҮЗДЕГЕН КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ӨМІРІ СА…
  3. Oct 6, 2026МИНЗДРАВ: КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ГРИППА И ОРВИ ⚡️ С наступлением осени дети вернулись в коллект…
  4. Oct 6, 2026ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ⚡️ Күздің келуімен…
  5. Oct 5, 2026КАЗАХСТАН И ВОЗ ОБЪЕДИНЯТ УСИЛИЯ ПО СОХРАНЕНИЮ ЗДОРОВЬЯ ЖИТЕЛЕЙ ПРИАРАЛЬЯ 🌍 Дорожная карт…
  6. Oct 5, 2026🎀 Розовый октябрь КазНИИОиР запускает челлендж в поддержку месяца осведомлённости о раке…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →