🥈
ҚМГ Инжиниринг – PetroCup турнирінің күміс жүлдегері!
ҚМГ Инжиниринг командасы мұнай-газ кен орындарын игеруді басқару бойынша PetroCup турнирінде екінші орынға ие болды! 🎉
Мерейтойлық X Мұнай-газ пікірталас форумы DECOM-2026 аясында Қазан қаласында өткен турнирде компания намысын 10 маманымыз қорғады.
💻 Қатысушылар PetroCup интерактивті симулятор-тренажері арқылы шартты мұнай-газ активін басқаруға қатысты практикалық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, түрлі шешімдерді бағалап, кен орнын игеру стратегияларын қалыптастырды.
🤝 Турнир мамандарымызға кәсіби білімдерін тәжірибеде сынап қана қоймай, Ресей мен ТМД елдерінің жетекші мұнай-газ компаниялары, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен сервистік компаниялардың өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
💪 Екінші орын - команданың үйлесімді жұмысының, кәсіби білімі мен тәжірибесінің нәтижесі!
@nafta_college_ru👏 Әріптестерімізді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби жетістіктер мен жеңістер тілейміз!