Пьеса аударатын мамандарға жақсы жаңалық!
TINFO театр жобасы фин пьесаларын кез келген тілге (соның ішінде қазақ немесе орыс тіліне) аударуға арналған кезекті өтінімдер қабылдауын жариялады. Үміткерлер 10 000 еуроға дейін грант ала алады.
Гранттық бағдарламаның мақсаты — фин пьесаларын әлемге кеңінен таныту. Өтінімдер сараптамалық бағалау негізінде іріктеледі.
Кімдер өтінім бере алады?
Драматургтер, кәсіби аудармашылар, әдеби агенттіктер және театр ұйымдары. TINFO гранты аударманы жүзеге асырған маманға тікелей төленеді.
Аудармашы аударма жасалатын тілді ана тілі ретінде меңгерген немесе сол тілде ана тіліндей еркін сөйлейтін деңгейде болуы керек. Аударма грант тағайындалған күннен бастап алты (6) айдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.
Аударуға арналған пьесаны TINFO сайтындағы «New Plays from Finland» бөлімінен таңдауға болады.
Өтінім қабылдаудың соңғы күні — 2026 жылғы 17 қыркүйек.
Бағдарлама туралы толық ақпарат пен өтінім формасы TINFO сайтында берілген:
https://www.tinfo.fi/en/Second-round-of-TINFO-Grants-for-2026-now-open_____________________
Внимание, новость для тех, кто переводит пьесы!
Театральный проект TINFO проводит очередной отбор заявок на перевод финских пьес на любой язык (в том числе, казахский или русский). Заявители могут получить грант в размере до 10 000 евро.
Цель грантовой программы — популяризация финских пьес во всем мире. Отбор заявок осуществляется на основе экспертной оценки.
Заявителями могут быть драматурги, профессиональные переводчики, литературные агентства, театральные организации. Грант TINFO выплачивается непосредственно тому, кто сделал перевод.
Переводчик должен быть носителем языка перевода (или иметь уровень владения языком, соответствующий уровню носителя). Перевод должен быть завершен не позднее, чем через шесть (6) месяцев после присуждения гранта.
Выбрать пьесу для перевода можно на сайте TINFO в разделе «New Plays from Finland».
Последний день приема заявок — 17 сентября 2026 года.
Все подробности, форма заявки — на сайте TINFO:
https://www.tinfo.fi/en/Second-round-of-TINFO-Grants-for-2026-now-open