Қытайға жаңа әуе бағытының ашылуы
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
23 қыркүйекте қазақстандық «FlyArystan» әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері «Airbus A320neo» әуе кемелерімен орындалады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Post #6403
318