TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.6K subscribers
Post #6394 344
Қазақстан мен Швейцария әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін кеңейтуде
 
Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының авиациялық биліктері арасында келіссөздер өтті.
Қазақстандық делегацияны ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Швейцариялық делегацияға Швейцарияның Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FOCA) келіссөздер бағытының басшысы Лоран Ноэль жетекшілік етті.
Келіссөздерге сондай-ақ Air Astana, SCAT, SWISS International Air Lines әуе компанияларының, Базель қаласы әуежайының, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар тікелей әуе қатынасын дамыту перспективаларын және жаңа бағыттарды ашуға қатысты практикалық мәселелерді талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің авиациялық биліктері Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тағайындалған әуе компанияларға аптасына 28 жолаушылар рейсіне дейін орындау құқығын береді. Сонымен қатар жүк тасымалдарын рейс жиілігі мен сыйымдылығына шектеусіз орындаудың құқықтық негізі қалыптастырылды.
Тараптар сондай-ақ кейіннен қол қою мақсатында Әуе қатынасы туралы келісім жобасының мәтінін келісіп, парафирледі. Аталған келісім Қазақстан мен Швейцария арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамыту үшін жаңартылған құқықтық негіз қалыптастырады.
Швейцария тарапы екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын дамытудың перспективаларын атап өтіп, қазіргі уақытта Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.
Қазақстан мен Швейцария арасындағы тікелей әуе қатынасының дамуы екі ел арасындағы туризм, сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өзара жолаушылар және іскерлік ағындарды арттыруға қосымша мүмкіндіктер береді.
  • ❤ 2
  • 🗿 1
More from @caa_kaz
  1. Sep 23, 2026Астана әкімдігі мен Changi Airports International стратегиялық әріптестік туралы уағдаласт…
  2. Sep 23, 2026Казахстан и Швейцария расширяют возможности для открытия воздушного сообщения В г. Астане…
  3. Sep 23, 2026photo post
  4. Sep 23, 2026📱 @KZgovernment
  5. Sep 23, 2026🛫 Шымкент строит вторую ВПП 📌 Главное На продолжение строительства второй взлетно-посадо…
  6. Sep 23, 2026«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →