TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.6K subscribers
Post #6378 288

Forwarded from UKIMET

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

📌Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.

Ақжайық шағынауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.

📱 @KZgovernment
More from @caa_kaz
  1. Sep 23, 2026Казахстан и Швейцария расширяют возможности для открытия воздушного сообщения В г. Астане…
  2. Sep 23, 2026photo post
  3. Sep 23, 2026Қазақстан мен Швейцария әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін кеңейтуде Астана қаласында Қазақс…
  4. Sep 23, 2026📱 @KZgovernment
  5. Sep 23, 2026🛫 Шымкент строит вторую ВПП 📌 Главное На продолжение строительства второй взлетно-посадо…
  6. Sep 23, 2026«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →