TGViewer
КГА 🇰🇿 КГА 🇰🇿 @caa_kaz · 3.6K subscribers
Post #6360 642
FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті авиациялық хабтарды дамыту және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
2026 жылғы 2 қазаннан бастап FlyDubai әуе компаниясы Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша жүк рейстерін орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады. Олар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында импорттық және экспорттық жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Жүк рейстерінің іске қосылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақстандық бизнес үшін қосымша логистикалық мүмкіндіктер қалыптастырады.
Жүк авиациясын дамыту – Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың, транзиттік тартымдылығын арттырудың және елдегі авиациялық хабтарды одан әрі қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.
More from @caa_kaz
  1. Sep 23, 2026📱 @KZgovernment
  2. Sep 23, 2026🛫 Шымкент строит вторую ВПП 📌 Главное На продолжение строительства второй взлетно-посадо…
  3. Sep 23, 2026«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второ…
  4. Sep 23, 2026🛫 Шымкентте екінші ҰҚЖ салынып жатыр 📌 Басты жаңалық Шымкент әуежайының екінші ұшу-қону…
  5. Sep 23, 2026«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын са…
  6. Sep 21, 2026Справочно FAA (Федеральное авиационное управление США) – федеральный орган США в сфере гра…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →