Жаңа тұрғын үй сатылымы төрттен бірге қысқарды, бірақ бағалар өсіп жатыр. Сарапшы себептерін түсіндірді
Мамандардың бағалауынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бастапқы тұрғын үй нарығындағы сатылым көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20–25%-ға төмендеген.
Логика бойынша сұраныс азайса, баға да төмендеуі тиіс. Алайда іс жүзінде жаңа тұрғын үйлер қымбаттауын жалғастырып келеді. Бұл неліктен орын алып жатыр және саланың қазіргі жағдайдан шығуына не көмектесе алады? Бұл туралы Qazaq Expert Club құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнурова түсіндіреді.
Оның айтуынша, негізгі факторлардың бірі – 2026 жылдың қаңтарынан бастап бастапқы тұрғын үйге ҚҚС енгізілуі.
Post #204
98
