👆Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Нұржанов Ерлан Бахтыбекұлы
Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Техникалық физика» мамандығы бойынша, ядролық энергетикалық қондырғылар мен жабдықтар бағыты бойынша білім алған. Кейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Физика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Ерлан Бахтыбекұлы атом саласында 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Кәсіби жолын Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында бастап, «Байкал-1» зерттеу реакторлар кешенінде және ИВГ.1М зерттеу реакторында жұмыс істеді. Реакторларды пайдалану, жаңғырту және халықаралық жобаларға қатысу барысында мол тәжірибе жинақтады.
Бүгінде ол Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде атом энергетикасын дамыту мәселелерімен айналысады. Оның кәсіби жолы — білім мен тәжірибені ұштастырып, зерттеу реакторындағы практикалық жұмыстан елдің атом энергетикасын дамытуға бағытталған қызметке дейінгі еңбек жолы.
Post #978
106