TGViewer
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі @atomagencykz · 723 subscribers
Post #963 208
🖋Құрметті атом саласының ардагерлері, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Қазақстанның атом саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл кәсіби мереке жоғары біліктілікті, жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін маңызды саланың мамандарын біріктіреді. Ондаған жыл бойы атом саласының мамандары кәсіби мектеп қалыптастырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отандық ғылымның, өнеркәсіптің және ядролық технологиялардың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Бүгінде Қазақстанның атом саласы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміз атом энергетикасы саласындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Биыл Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылып, құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

Бұл – еліміздің энергетика саласы үшін маңызды қадам. Жобаны іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, сенімді әрі төмен көміртекті энергиямен қамтамасыз етуге және Қазақстанның технологиялық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Атом энергетикасын дамыту – бір ғана нысанның құрылысы емес. Бұл – жаңа технологиялар мен құзыреттерді игеру, отандық өндіріс пен ғылымды дамыту, жоғары білікті мамандар даярлау, жаңа жұмыс орындарын құру және заманауи инженерлік мектепті қалыптастыру.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда адам капиталының маңызы зор. Мамандардың кәсібилігі, білімі мен жауапкершілігі – атом саласының қауіпсіз әрі тұрақты дамуының басты негізі.

Осы ретте атом саласының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Сіздердің көпжылдық еңбектеріңіз Қазақстанның атом өнеркәсібінің берік негізін қалады. Қалыптастырған дәстүрлеріңіз, жинақтаған тәжірибелеріңіз бен кәсіби білімдеріңіз бүгінгі және кейінгі буын мамандары үшін маңызды бағдар болып қала береді.

Алдағы кезеңде атом саласының алдында ауқымды міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыруда мамандарымыздың жоғары кәсібилігі, ұрпақтар сабақтастығы және отандық ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады деп сенемін.

Барша атом саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

Еңбектеріңіз ел игілігіне, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен технологиялық дамуына қызмет ете берсін!

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы
Алмасадам Сәтқалиев
  • 👏 8
  • 👍 1
More from @atomagencykz
  1. Sep 29, 2026🎖 Астанада атом саласының ардагерлері мен мамандары марапатталды Кәсіби мерекеге орай сал…
  2. Sep 28, 2026🎖В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана Астана, 28 сентя…
  3. Sep 28, 2026🎖Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді Астан…
  4. Sep 28, 2026👆Герой сегодняшней рубрики «Атом маманы» — Нуржанов Ерлан Бахтыбекулы Он окончил Семипала…
  5. Sep 28, 2026👆Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Нұржанов Ерлан Бахтыбекұлы Ол Шәкәрім атында…
  6. Sep 28, 2026✔️В Астане состоялась международная конференция «Атом будущего» На базе Президентского цен…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →