TGViewer
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі @atomagencykz · 731 subscribers
Post #1015 126

Forwarded from UKIMET

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

📌Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды.

Премьер-министр ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

📱 @KZgovernment
More from @atomagencykz
  1. Oct 5, 2026Олжас Бектенов провел совещание по развитию атомной промышленности 📌Премьер-министр Казах…
  2. Oct 2, 2026🇰🇿🇺🇸Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығы аясында елімізде ядролық және радиациялық оқиғала…
  3. Oct 2, 2026✔️В Казахстане открылся Центр оперативного мониторинга и реагирования на ядерные и радиаци…
  4. Oct 2, 2026✔️Қазақстанда ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және ден қою ор…
  5. Oct 2, 2026🇰🇿Гумар Сергазин назначен генеральным директором Национального ядерного центра Республик…
  6. Oct 2, 2026🇰🇿Ғұмар Серғазин Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры болып т…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →