TGViewer
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі @atomagencykz · 734 subscribers
Post #1011 216
✔️Қазақстанда ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және ден қою орталығы ашылды

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және ден қою орталығының ашылуы өтті.

Орталық Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) қолдауымен құрылды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) өкілдері қатысты.

Орталықтың негізгі міндеттері – радиациялық жағдайды мониторингтеу және талдау, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ ядролық және радиациялық оқиғалар туындаған кезде іс-қимылдарды үйлестіру. Орталықтың жұмысы жедел әрі негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы ақпаратты уақтылы алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Оның қызметі ықтимал ядролық және радиациялық оқиғаларға ден қоюға әзірлікті арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететін болады.

Алдағы уақытта Орталықтың техникалық және талдамалық мүмкіндіктерін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық жаттығулар өткізу жоспарлануда.
More from @atomagencykz
  1. Oct 9, 2026🔄«Атом — часть нашей жизни»: в Актау прошёл День открытых дверей на объекте БН-350 В Акта…
  2. Oct 9, 2026🔄«Атом – өміріміздің бір бөлігі»: Ақтауда БН-350 нысанында ашық есік күні өтті Ақтауда «А…
  3. Oct 8, 2026❕АЭС құрылысы алғашқы бетон құйылғанға дейін неден басталады? 3 қыркүйекте Қазақстандағы а…
  4. Oct 8, 2026📶Алматыда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар қалай өндіріледі? Толығырақ…
  5. Oct 7, 2026🔃Ядролық технологиялар диагностика мен емдеуге қалай көмектеседі? Зерттеу реакторы қалай…
  6. Oct 6, 2026🔺Ядролық реактордың ішіндегі су неге қайнамайды? Қазақстанда атом энергетикасы туралы сөз…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →