▪️2026 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында П., А., Д., И., Е. және К.-ға қатысты полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері бойынша әкімшілік істер қаралды (ӘҚБтК-нің 667-бабының1-бөлігі).
Істің мән-жайлары
▪️2026 жылғы 17қыркүйекте сағат 19:00 шамасында азаматтардың екі тобының арасында жанжал туындап, соңы топтық төбелеске ұласқан. Оқиға барысында шу, айқай болып,қоғамдық тәртіп бұзылған. «102» арнасына төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген кезде жанжал әлі де жалғасып жатқан.
▪️Полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату және олардың заңды талаптарына бағыну туралы заңды талаптарына қарамастан, аталған тұлғалар полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамаған.
▪️Сот отырысында аталған тұлғалар өз кінәларын мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларда көрсетілген мән-жайларды растады.
▪️Құқық бұзушылықтар процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, лауазымды тұлғалардың рапорттарымен және бейнежазбалармен расталды.
▪️Әкімшілік жауапкершілікке тартылған алты адамның бесеуі алкогольдік масаң күйде болған.
Сот қаулысы
▪️Жасалған құқық бұзушылықтардың сипатын, әрбір тұлғаның жанжалға қатысу дәрежесін және олардың жеке басына қатысты мәліметтерді ескере отырып, сот П., А., Д. және И.-ға әрқайсысына 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
▪️Е. және К.-ға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129 750 теңге) айыппұл түріндегіәкімшілік жаза тағайындалды.
▪️Жаза тағайындау кезінде сот тұлғалардың жанжалға қатысу мән-жайларын жәнеолардың жеке басына қатысты мәліметтерді, оның ішінде кәмелетке толмағанбалаларының болуын ескерді.
▪️Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылғанауданаралық соты.
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
Post #7080
151