▪️2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ф. және Б. азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Құқық бұзушылықтың мән-жайы
▪️Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Ф. мен Б. арасында жолдағы жағдайға байланысты жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адамдар бір-біріне балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
▪️Сот отырысында құқық бұзушылардың екеуі де өз кінәларын мойындап, бұған дейін бір-бірін танымайтындарын түсіндірді.
▪️Құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы факт әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, әлеуметтік желіде жарияланған оқиға бейнежазбасымен және полиция қызметкерінің рапорттарымен расталды.
Санкция
▪️ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салуды, жиырмадан алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысы
▪️Жаза тағайындау кезінде сот олардың кінәсін мойындағанын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
▪️Құқық бұзушылықтың сипатын, істің мән-жайларын және кінәлі тұлғаларды ескере отырып, сот Ф. және Б. азаматтарын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
▪️Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
Post #7084
159