Өткен аптада «Твардовский дом» жануарлар панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляков кісі қолынан қаза тапты. Оның денесі панажай аумағынан табылды.
Владимирдің қазасынан кейін 90-ға жуық ит қараусыз қалды. Тепляков ұзақ жыл бойы иттерге қамқор болып, күтім жасап келген. Енді әр итке жаңа баспана табу керек.
Жұма күні Владимирді жер қойнауына тапсырып, демалыс күндері еріктілер, басқа да панажайлардың қызметкерлері және жанашыр тұрғындар жануарларға көмектесу үшін «Твардовский дом» панажайына барды.
Бірер күн өтер-өтпестен пана аумағында қалған барлық ит қауіпсіз жерге көшірілді. Соңғы күндері еріктілер көз ілмей жұмыс істеді: иттер мен олардың үйшіктерін тиеді, көлік тапты, адам іздеді, иттерге жаңа орын қарастырды. Қазір иттер қауіпсіз, тиісті күтім көретін уақытша орында. Дегенмен, әлі де 50-ге жуық итке жаңа баспана керек.
Post #23841
2.49K