2016 жылы Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінде кезінде жайқалған бұтақтарымен жолды күн сәулесінен толықтай тасалап тұрған ірі қарағаштар 3-4 метр биіктікке дейін кесіліп, жалаңаш діңге айналды.
Кейін мұнда жүйелі түрде сәндік үлгімен күзеу жүрді — ағаштарды дөңгелек тәрізді пішінге келтірді.
Нәтижесінде қазір бұл ағаштардың практикалық пайдасы едәуір азайған — саясы жоқ, жазда температураны төмендетпейді және жолдың шуынан қорғамайды. Эстетикалық жағы да күмәнді.
Мына суреттерде Әшімов көшесіндегі ағаштар 2011, 2017 және 2024 жылдары қандай болғаны көрсетілген.
2023 жылы Алматы қаласының жасыл желегін күтіп баптау және қорғау ережелері қабылданғанымен, онда ағашты өсіру және отау туралы нақты нұсқау жоқ.
Урбанист Ринат Сабиров бұл мақалада ағаштарды күзеу бойынша еуропалық стандарттар мысалын келтіреді және жергілікті контекст те маңызды екенін атап өтеді.
Post #23640
1.7K



- ❤ 4