TGViewer
the HODL: KZ the HODL: KZ @thehodlkz · 106 subscribers
Post #205 61
Ұлттық Банк зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін байқау жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін хабарлайды.

Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптары бойынша өтеді:
1) ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері.
2) Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеуді құқықтық талдау.

Конкурстық іріктеуге:
• жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу ісіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректер жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
• банкротқа ұшырамаған немесе таратылу процесінде тұрмаған заңды тұлғалар қатыса алады.

Ізденуші тараптың өтінімдері бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен растала отырып, электрондық үлгіде Қазақстан Ұлттық Банкінің порталы арқылы беріледі.

• Өтінім қабылдау басталатын күн — 2025 жылғы 30 маусым.
• Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі — 2025 жылғы 13 тамыз.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеу тақырыбына сай бірнеше грант беруге немесе мүлдем бөлмеуге құқылы.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.

Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекен-жайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.
#жаңалық

the HODL: KZ
  • 🔥 3
More from @thehodlkz
  1. Aug 30, 2025Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына…
  2. Aug 22, 2025❗️Қарыз ресімдеу кезінде қоса қарыз алушының жауапкершілігі қандай? Қоса қарыз алушы – қар…
  3. Aug 13, 2025📡 Starlink спутниктік интернет қызметтерінің іске қосылуы туралы 2025 жылғы 13 тамыздан б…
  4. Aug 4, 2025Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер Қазақстанда құрамында бірге т…
  5. Jul 30, 2025Alexander the Great коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы ҚР Ұлттық Банкі 202…
  6. Jul 22, 2025Айырбастау пунктіне құжатпен бару керек пе? Қазақстанда валюта айырбастау кезінде сәйкесте…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →