TGViewer
the HODL: KZ the HODL: KZ @thehodlkz · 108 subscribers
Post #201 60
🍴 Үй шаруашылықтарындағы азық-түлік өнімдерін тұтыну туралы

Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде І тоқсандағы азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша жиналған деректерді жариялады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарларының барлық негізгі топтары бойынша тұтынудың өсуі байқалады. Тұтынудың ең жоғары өсімі жемістер (+3,5%), балық және теңіз өнімдері (+2,2%) бойынша байқалды.

Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орта есеппен бір айда тұтынуы:
🥔 картоп — 3,7 кг;
🍞 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 2,3 кг;
🥩 сиыр еті — 2 кг;
🍏 алма — 1,6 кг;
🍬 құмшекер — 1,5 кг;
🍚 күріш — 1,3 кг;
🥛 шикі сүт — 0,9 л;
🥚 жұмыртқа — 17,1 дана;
🍜 макарон өнімдері — 0,9 кг;
🐟 енді ауланған немесе салқындатылған балық — 0,6 кг құрады.

• Өңірлер арасында нан өнімдері мен жармаларды тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары (жан басына шаққанда айына 14,1 кг), ең аз тұтыну Маңғыстау облысында (жан басына шаққанда айына 7,9 кг).
• Балық пен теңіз өнімдері Шығыс Қазақстан тұрғындарының рационында көбірек (жан басына айына 1,7 кг), ең азы шымкенттіктерде — 0,5 кг.
• Көкөністерді тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында жоғары (жан басына айына 7,3 кг), ең азы Абай облысында (жан басына айына 4,5 кг).

Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну — қарастырылып отырған уақыт ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.

#аналитика #жаңалық

the HODL: KZ
  • 🤔 2
  • 👀 2
More from @thehodlkz
  1. Aug 30, 2025Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына…
  2. Aug 22, 2025❗️Қарыз ресімдеу кезінде қоса қарыз алушының жауапкершілігі қандай? Қоса қарыз алушы – қар…
  3. Aug 13, 2025📡 Starlink спутниктік интернет қызметтерінің іске қосылуы туралы 2025 жылғы 13 тамыздан б…
  4. Aug 4, 2025Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер Қазақстанда құрамында бірге т…
  5. Jul 30, 2025Alexander the Great коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы ҚР Ұлттық Банкі 202…
  6. Jul 22, 2025Айырбастау пунктіне құжатпен бару керек пе? Қазақстанда валюта айырбастау кезінде сәйкесте…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →