TGViewer
the HODL: KZ the HODL: KZ @thehodlkz · 106 subscribers
Post #199 83
🐶 Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт — енді eGov Mobile қосымшасында

Барлық мәліметтер TABAN — үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар және оларға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.

Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады: жануардың жеке нөмірі, құжат нөмірі, аты, түсі, тұқымы, туған күні, ерекше белгілері, жануардың түрі мен жынысы, тіркелген мекенжайы, нақты тұратын мекенжайы, иесінің толық аты-жөні мен ЖСН, сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.

Қызметті пайдалану үшін:
✅ eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;
✅ «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіру қажет;
✅ «Басқа құжаттар» бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;
✅ егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

🐈‍⬛ 2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы — үйсіз жануарлар.
#жаңалық

the HODL: KZ
  • 🦄 3
  • 🐳 1
More from @thehodlkz
  1. Aug 30, 2025Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына…
  2. Aug 22, 2025❗️Қарыз ресімдеу кезінде қоса қарыз алушының жауапкершілігі қандай? Қоса қарыз алушы – қар…
  3. Aug 13, 2025📡 Starlink спутниктік интернет қызметтерінің іске қосылуы туралы 2025 жылғы 13 тамыздан б…
  4. Aug 4, 2025Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер Қазақстанда құрамында бірге т…
  5. Jul 30, 2025Alexander the Great коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы ҚР Ұлттық Банкі 202…
  6. Jul 22, 2025Айырбастау пунктіне құжатпен бару керек пе? Қазақстанда валюта айырбастау кезінде сәйкесте…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →