TGViewer
Channel Public Channel
Tengri.kz

Tengri.kz

@tengri_kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Subscribers
9.9K
Photos
7.4K
Videos
1.7K
Links
4.4K
Recent Posts 18 shown
Post #13135 313
Ержан Ертаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ержан Ертаев Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетін басқарған. 41 жастағы Ержан Ертаев еңбек жолын электр механигі болып бастаған.
Post #13134 448
Мұнай бағасы күрт төмендеді: бұл немен байланысты? 

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Brent маркалы мұнай барреліне 98,16 долларға, ал WTI 89,87 долларға дейін төмендеді.

Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер, Ормуз бұғазының қайта ашылуы мүмкін деген ақпарат және Сауд Арабиясы мұнай экспортының артуы әсер етті.
  • 😐 2
Post #13133 581
+1 алтын! 🥇

Қазақстандық Қадырбек Шынбаев Жапониядағы Азия ойындарында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды.

71 келіге дейінгі салмақта өткен финалда ол тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.

Бұл — Қазақстан құрамасының Азиададағы алтыншы алтыны! 🇰🇿
  • 👍 10
  • 🔥 5
Post #13132 612
Қазақстанда жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігін алып тастау ұсынылды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Ол ІІМ-ге бірқатар елде қолданылатын балдық жүйені енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар қайталанған бұзушылықтар санына қарай айыппұлды бірнеше есе арттыру ұсынылды.

Мәселе жылына 10 және одан да көп құқық бұзушылық жасайтын жүргізушілерге қатысты болуы мүмкін.
  • 👎 8
  • 👍 3
Post #13131 652
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды. Оның құрамына 126 адам енді.

Толық тізімді біздің сайттан оқыңыздар.
  • 👍 98
  • 🤡 2
Post #13130 687
Қазақстан қоржынына аралас жекпе-жектен алтын түсті!

Финалда жерлесіміз Еркінғали Бүркіталин Бахрейн спортшысы Мұхаммад Набиевті жеңді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азиададағы бесінші алтыны.

Фото: Владислав Семенов
  • 👏 17
  • 👍 5
  • 🔥 2
Post #13129 651
Белла Самашева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. 🥉

Осылайша, ұлттық құрамамыздың қоржынында қазірдің өзінде 9 медаль бар: 4 алтын, 1 күміс және 4 қола.
  • 👍 12
  • 👏 1
Post #13126 690
Астанада 600 миллион теңгеге үш қабатты элиталық пәтер сатылымға шығарылды.

Амангелді Иманов көшесі, 12 мекенжайындағы 384 шаршы метрлік, 8 бөлмелі пәтердің бастапқы бағасы — 617,4 млн теңге. Алайда тәуелсіз бағалаушылар оның нақты құнын 205,8 млн теңге деп бағалаған.

Пәтер мемлекетке қарызды өтеу аясында өткен. Сауда 22 қыркүйекте басталды.
  • 🙉 4
Post #13125 848
Граффити үшін жаза тағайындалады – ІІМ жаңа ережелер әзірлеп жатыр

Қазақстанда қоғамдық ғимараттар мен нысандарға жазу мен сурет салуға толық тыйым салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда.
  • 🤔 4
  • 👍 3
  • 🔥 2
  • 🖕 2
  • 👏 1
Post #13124 870
“Охотзоопром” Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Қожахметов ұсталды. ҰҚК бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Бұған дейін оның 5 млн теңге пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақша кәсіпкерден БҚО-да киік аулауға рұқсат беру үшін талап етілген деген ақпарат болған.

Алайда ҰҚК оның ұсталу мән-жайы мен ақша сомасын нақтыламады.
  • 🦄 2
  • 🔥 1
Post #13123 819
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына кірді.

Oxford Economics әзірлеген Global Cities Index 2026 рейтингінде Алматы 265-орын, Астана 281-орын алды.

Екі қала да адами капитал көрсеткіші бойынша топ-100-ге енді: Алматы – 66-орында, Астана – 98-орында.

Рейтингке барлығы 1000 қала кірген. Ал алғашқы үштікте Нью-Йорк, Лондон және Париж орналасқан.
  • 👏 7
  • 😁 2
Post #13122 831
Президент Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне Қуанышбек Үштаевты тағайындады.

Ол бұл қызметте Мереке Күшекбаевты алмастырды.
  • 👍 68
  • 🤯 1
  • 🤡 1
  • 🌚 1
Post #13121 815
Қазақстандық каратеші Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалдық жекпе-жегінде 25 жастағы Шымкент тумасы қытайлық Ли Гангқа есе жіберді. Кездесу толық уақытқа созылып, 2:8 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды.
  • 🔥 11
  • 👍 1
Post #13120 803
Маңғыстау облысында бір отбасы үйде дайындалған ысталған балықтан кейін жансақтау бөліміне түсті.

Алдын ала болжам бойынша, балық ұзақ уақыт тоңазытқышта сақталған.

Дәрігерлер үш ересек пен бір баладан ботулизм белгілерін анықтаған.

Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және ем қабылдап жатыр.
  • 🤮 4
  • 🙏 3
Post #13119 822
Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен айырылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжановты атқарып келген қызметтерінен босатты.

Әкімдердің қызметтен босатылу себептері хабарланған жоқ.
  • 🔥 1
Post #13118 885
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған спортшы қызға қиянат жасады деп күдікке ілінген бұрынғы хоккей жаттықтырушысы мен оның танысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Жәбірленушінің айтуынша, зорлық-зомбылық ол 14 жаста болған 2024 жылдан бері екі жылға жуық уақыт жалғасқан. Қыз бұл туралы туыстарына кейін айтқан. Осыдан соң жаттықтырушы мен оның танысына қатысты іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, тергеу аяқталып, іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Ал қыздың 18 жастағы ағасы мен анасы "Адам ұрлау" бабы бойынша тергеуге ілінген. Кәмелетке толмағанға қатысты болғандықтан, полиция істің өзге деректерін жарияламады.
  • 🔥 1
Post #13117 925
Дональд Трамп АҚШ-та Ғарыш күштерінің үлгісімен «Жасанды интеллект күштерін» құрып, осы салаға жауапты арнайы «патша» тағайындауды жоспарлап отыр.

Трамп ЖИ дамуын барынша аз реттеуді көздейтінін айтты. Жаңа құрылымның құрамы, бюджеті мен қай ведомствоға бағынатыны әзірге белгісіз. «ЖИ патшасы» қызметіне үміткер де аталмады.
  • 🤯 1
  • 🤬 1
  • 🎅 1
Post #13116 991
🇰🇿 Қазақстан қоржынына тағы екі алтын түсті

Каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

🥇 Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовты жеңді.

🥇 Берульцева 68 келіден жоғары салмақта тайландтық Маниван Буцуванды ұтып, екінші рет Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын және 2 қола бар.
  • 🔥 17
  • 🥰 1
Older posts →

About this channel

How can I read @tengri_kz without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Tengri.kz: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Tengri.kz have?
Tengri.kz (@tengri_kz) has 9.9K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Tengri.kz know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →