✨ Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аса Жоғары Аллаһ: "Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса, содан тыйылыңдар", - деп бұйырады. Арна сүйікті пайғамбарымыз дан сенімді түрде жеткен хадистерді таратуға арналған.
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
Әдеп кітабы
91-тарау: Уағыз және ондағы орташылдық туралы
Осы тараудағы Муғауия ибн әл-Хакамның, онда ол бірде жамағат намазда тұрған кезінде, бір кісі түшкіріп: " Әл-хамду ли-Лләһ", - деп айтқаны және ол оған: "Ярхамука Ллаһ", - деп қайырғаны әрі намаз біткен соң Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны ұрыспағаны және сөкпегені, керісінше жұмсақтықпен: " Бұл намаздарда адамдар (өзара) айтатын сөздерге орын жоқ, өйткені ол – Аллаһты пәктеп-дәріптеу, Оны ұлықтау және Құран оқу....", - деп айтқан ұзын хадисі.
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
Әдеп кітабы
91-тарау: Уағыз және ондағы орташылдық туралы
Осы тараудағы 699-шы, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Кісінің құтпаны қысқа етіп, намазды ұзартуы - (дінді) дұрыс түсінуінен. Ендеше құтпаларыңды қысқартып, намаздарыңды ұзартыңдар", - деген хадисі.
Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
Әдеп кітабы
90-тарау: Сұхбаттасының тыйым салынбаған сөзін ұқыптылықпен тыңдау және ғалым мен уағызшының өз мәжілісінде отырғандардан тыныштық сақтауды талап етуі туралы.
Осы баптағы Жәрир ибн Абдуллаһтан жеткізілетін Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында: "Адамдарды тынышталдыр", - деп, содан соң оларға: "Менен кейін бір-бірінің желкелерін шабатын кәпірлер болып оралмаңдар", - деген хадисі.
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
Әдеп кітабы
88-тарау: Кездескен кезде жақсы сөз айту және жарқынжүзділік танытудың мустахабтығы туралы
Осы тараудағы Аллаһ Тағаланың «...Және иман келтіргендерге қанатыңды жай (кішіпейіл, жұмсақ бол)» («әл-Хижр» сүресі, 88-аят), «Егер сен дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар міндетті түрде айналаңнан кетіп қалар еді» («Әли Имран» сүресі, 159-аят) деген сөздері әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Жарты құрмамен болса да өздеріңді Тозақ отынан қорғаңдар. Ал егер оны да таппасаңдар, онда жылы (жақсы) сөзбен», «Жақсы сөз де — садақа» және "Жақсылықтың ешбіріне немқұрайлы қарама, тіпті бауырыңды жайдары жүзбен қарсы алу болса да" деген сөздері туралы.
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
87-тарау: Адамның өзі әдетке айналдырған игі (жақсы) амалдарын үзбей, тұрақты түрде орындап жүруінің қажеттілігі туралы
Осы тараудағы Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:
«Расында, әлдебір қауым өздерін өзгертпейінше Аллаһ оларды өзгертпейді» ("әр-Рағд" сүресі, 11-аят);
«Жібін мықтап иіргеннен кейін, қайта тарқатып, бұзған әйел секілді болмаңдар...» («ән-Нәхл» сүресі, 92-аят);
«...Әрі олар өздерінен бұрын Кітап берілгендер сияқты болмасын. Олардың уақыттары ұзарып (пайғамбарлардан кейін көп уақыт өтіп), жүректері қатайып кетті...» («әл-Хадид» сүресі, 16-аят);
және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Уа Абдуллаһ! Түнде намаз оқуға тұрып жүріп, кейін оны тастап кеткен пәлен сияқты болма!” – деген сөздері туралы (Бухари, Муслим).
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
📌 Әдеп кітабы
📖 86. Келісімдерді сақтау және уәделерді орындау туралы тарау
Осы тарайдағы бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбир ибн Абдуллаһқа егер Бахрейннен мал-мүлік келсе сол дүниеден оған үш қос ұыс берем деп уәде еткендігі және ол мал мүлік Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанынан кейін ғана келгені әрі Абу Бакр Жәбирге қатысты Пайғамбардың уәдесін орындағаны туралы 690-хадис.
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
📌 Әдеп кітабы
📖 86. Келісімдерді сақтау және уәделерді орындау туралы тарау
Аллаһ Тағала былай деді: "Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады" ("әл-Исра" сүресі, 34-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: "Қашан серттессеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар" ("ән-Нәхл" сүресі, 91-аят). Аллаһ Тағала тағы да былай деді: "Әй иман келтіргендер, Келісімдерді толық орындаңдар" ("әл-Мәида" сүресі, 1-аят). Әрі Аллаһ Тағала былай деді: "Әй, иман келтіргендер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында аса жеккөрінішті" ("әл-Софф" сүресі, 2-3 - аяттар).
Осы баптағы Аллаһ Елшісінің (оған Аллатың игілігі мен сәлемі болсын): 688-ші "Екіжүздінің сипаты үшеу: сөйлесе өтірік айтады, егер уәде берсе орындамайды, егер оған аманат тапсырылса, қиянат жасайды"; 689-"Кімнің бойында төрт сипат болса, сол таза екіжүзді, ал кімнің бойында ардың әлдебіреуі болса, соның бойында ол оны тастамайынша екіжүзділіктің сипаты болады: егер оған аманат тапсырылса, қиянат жасайды, егер сөйлесе өтірік айтады, егер келісім жасасса, оны орындамайды, егер тартысса, шектен шығады", - деген хадистері.
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
📌 Әдеп кітабы
📖 85. Сыр сақтау туралы тарау
Осы тараудағы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде жас балалардың жанынан өтіп бара жатып, олармен сәлемдескені және Әнас ибн Мәликті бір шаруамен жұмсағаны әрі сол шаруа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сыры болатын, сондықтан Әнас оны ешкімге, тіпті анасына да ашпағаны туралы 688-хадис.
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.
📌 Әдеп кітабы
📖 85. Сыр сақтау туралы тарау
Осы тараудағы Умардың қызы Хафсаның күйеуі қайтыс болған кезде Умар оны Усманға, содан соң Абу Бакрге некеге ұсынғаны туралы, бірақ олар одан бас тартқаны, содан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хафсаға құда түсіп үйленгені әрі Абу Бакр Пайғамбардың Хафса туралы сөз еткенін білгендіктен осыдан бас тартқанын, бірақ Умарға оның сырын ашқысы келмегенін айтқаны туралы 686-хадис, сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде қызы Фатымаға өзінің жақын арада қайтыс болатыны туралы сыр етіп айтқаны туралы 687-хадис.
«Сертке берік болыңдар. Өйткені серт (уәде) сұралады» ("әл-Исра" сүресі, 34-аят).
✍ 685. Абу Сағид әл-Худриден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Қиямет күні Аллаһтың алдында ең жаман орындағы адам — бұл әйеліне жақындасып, әйелі де оған жақындасқан соң, оның сырын жария етіп жаятын еркек» (Муслим, 1437).
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу. 📖 Әдептілік кітабы. 📌 Ұялу, оның артықшылығы және сонымен көркемделуге үндеу туралы тарау. ✨1 (680) - Ибн Умардан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде інісіне ұялу (дұрыс емес) туралы насихат айтып тұрған ансар кісінің жанынан өтіп бара жатып оған: "Қоя сал оны. Өйткені ұялу иманнан", - деп айтқаны жеткізіледі. Хадис Бухари мен Муслимнің сахих жинақтарында келтірілген.
✨2 (681) - Имран ибн Хусайннан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ұялу тек жақсылық алып келеді", - дегені жеткізіледі. Хадис Бухари мен Муслимнің сахих жинақтарында келтірілген.
How can I read @sunnetpen_tanysu2 without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ have?
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ (@sunnetpen_tanysu2) has 431 subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.