Құрам қызық, шыны керек!
Біраз өзгеріс бар, бірақ қақпашы ауыспады. Стас Покатилов Фарерге қарсы жақсы ойнады, бүгін де оған сеніп отырмыз.
Қорғаныста Ян Вороговскийді ауыстырыпты. Өткенде тәуір ойнаған. Орнын басқан Наурызбек Жаговор та жақсы ойнасын. Ал оң қапталда Александр Мрынскийдің шықпағаны түсінікті. Шабуылға көп араласатын қорғаушымыз бірінші матчты сәтсіз өткізді.
Ортада ойқастайтын Бауыржан Исламхан демалуға мүмкіндік алды. Негізгі құрамда Георгий Жуков шыға ма деп ем, енді матч барысында бой көрсететін шығар.
Шамасы, бапкер Исламбек Қуат – Дінмұхамед Қараманды қорғанғанға жақсы деп отыр.
Шабуыл қатты өзгеріп кетті. Негізгі шабуылшыларымыздың жарақаты барын ұмытпайық. Тағы эксперимент жасаймыз.
Ойын схемасы осындай деп ойлаймын: Стас Покатилов (Қ) – Наурызбек Жагоров, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Арсен Әшірбек – Исмаил Бекболат, Дінмұхамед Қараман, Исламбек Қуат – Станислав Басманов, Рамазан Кәрімов, Жасұлан Әмір.
Алға, Қазақстан!
Post #4683
2.15K

- ❤ 36
- 🔥 5
- 👍 1
- 👎 1