TGViewer
SocioExpert SocioExpert @socioexpert_01 · 2.11K subscribers
Post #1166 362
🔹Құрылтай сайлауы жаңа Конституцияны жүзеге асырудың алғашқы практикалық кезеңі болады – сарапшылар пікірі

Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті.

Құқықтанушы ғалымдарды, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, экономистерді, еліміздің жетекші сараптамалық орталықтарының және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген сараптамалық алаңды ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырды.

Сараптамалық алаңға қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады.

Құрылтай сайлауының конституциялық және құқықтық негіздеріне арналған бірінші сессияны саясаттанушы Ғазиз Әбішев жүргізді. Пікірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конституциялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ алдағы сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеудің рөлін талқылады.

VIII-ші шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Марат Башимов сайлауды реттейтін конституциялық қағидаттарды егжей-тегжейлі талқылап, Негізгі Заң Құрылтайдың мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайтынын және сайлау процесінің құқықтық стандарттарын белгілейтінін атап өтті.

Саясаттанушы, VIII-ші шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Айдос Сарым алдағы сайлау науқаны жаңа конституциялық модельдің алғашқы практикалық сынағы болады деген пікір білдірді. Оның пікірінше, алғашқы сайлаудың сапасы жаңа институттардың орнықтылығы мен қоғамның оларға деген сенім деңгейін айқындайды.

ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова сайлау заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот арқылы қорғалудың, шағымдану тетіктерінің және заңдық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Талқылау алаңының екінші сессиясы жаңа электоралдық жағдайда саяси партиялардың стратегиясы мен орны мәселесіне арналды. Сессияны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жүргізді.

Сараптамалық алаңның екінші бөлігінде партиялық жүйенің трансформациясы, партиялық құрылыстың дамуы, саяси өкілдіктің сапасын арттыру, партиялардың әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ қазіргі медианың және саяси мәдениеттің сайлау үдерістеріне ықпалы талқыланды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Құрылтайды тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыруға көшу саяси партиялардың қоғам мүддесін білдіретін негізгі институт ретіндегі рөлін едәуір арттыратынын айтты.

Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, саясаттанушы Индира Рыстина партиялардың идеологиялық бірегейлігін нығайту, кадрлық әлеуетін дамыту және түрлі әлеуметтік топтардың сұраныстарын тереңірек түсіну қажеттігіне тоқталды.

Саясаттанушы әрі медиаменеджер Сырым Иткулов қазіргі саясаттағы популизм мен технократиялық тәсілдің арақатынасына қатысты пікір білдірді. Ол азаматтардың ұзақ мерзімді сенімі эмоциялық ұрандармен емес, кәсіби шешімдер мен партиялардың мазмұнды қызметі арқылы қалыптасатынын айтты.
Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқармасының төрайымы Жұлдызай Ысқақова партиялардың әртүрлі аудиториялармен мақсатты жұмыс істеуіне көшу қажеттігін айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.
  • 🤝 4
  • ❤ 1
  • ⚡ 1
More from @socioexpert_01
  1. Sep 22, 2026🇷🇺Выборы в Государственную думу РФ – 2026 🗳В России с 18 по 20 сентября прошли выборы д…
  2. Sep 15, 2026Казахстанский футбол: международная интеграция и особенности зрительской аудитории В после…
  3. Aug 24, 2026EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өткен күні Қо…
  4. Aug 4, 202672,3% казахстанцев готовы проголосовать за новый Курултай Результаты опроса Института обще…
  5. Aug 4, 2026Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын Қоғамдық саясат институты…
  6. Aug 1, 2026🫁 Дыши свободно 🌍 Сегодня отмечается Всемирный день борьбы с раком легких. По данным ВОЗ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →